1947 жылы Үндістан мен Пәкістан Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған. Сол уақытта халқының 70 пайызын мұсылмандар құрайтын Кашмир аймағының махараджасы (жергілікті басқарушы) Хари Сингх Үндістанға қосылу туралы шешім қабылдаған. Осы шешімнен кейін 1947 жылы Кашмирде Пәкістан мен Үндістан арасында соғыс басталып, екі жылдан кейін - 1949 жылы БҰҰ бұл аймақты Үндістан мен Пәкістанға бөліп берген.