Полиция митингіге келгендерді қалай ұстады?

Пётр ТРОЦЕНКО

Алматыдағы наразылық шарасында халық билікке қандай талап қойды? Арнайы жасақ пен полиция қалай әрекет етті?

1 мамыр – Бірлік күні Алматының орталық мәдени және демалыс саябағына жүздеген адам келді. Полиция мен арнайы жасақ та көп жиналды. Мереке басы концертпен басталған. Кейін концерт аяқталған соң қолына «караоке-микрофон» ұстаған адам ортаға шығып, «елде болып жатқан жағдайлармен келіспейміз» деп айқайлап, өз талаптарын айта бастады. Бұл маңға басқа адамдар да жиналды.

Наразылық шарасына келгендердің бірі өз талабын айтып тұр. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
Наразылық шарасына келгендердің бірі өз талабын айтып тұр. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.

Алматыдағы наразылық шарасында Астана қаласының атын "Нұр-Сұлтан" деп өзгерткен билік шешіміне қарсылар көп болды.

Жиналғандар "Біздің өз таңдауымыз бар!", "Тоқаев біздің президент емес!", "Дариға спикер емес!", "Нұр-Сұлтан астанамыз емес!", "АЭС-ке қарсымыз!", "Халық пікірімен санасыңыздар", "Көп балалы аналарға жәрдем берілсін!", "Шал, кет!" деп айғайға бастады.

Полиция наразылардың бұл әрекетін сырттай бақылап тұрды.

Наразылық болған маңда тұрған арнайы жасақ. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
Наразылық болған маңда тұрған арнайы жасақ. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
Наразылардың әрекетін бақылап тұрған арнайы жасақ. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
Наразылардың әрекетін бақылап тұрған арнайы жасақ. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.

Наразылардың алдына прокуратура қызметкерлері, полиция, әкімдер келіп, шерудің заңсыз екенін түсіндіріп, халықтан тарауларын сұрады. Бірақ жиналғандар тараудан бас тартты.

Прокуратура қызметкері наразылыққа келгендер алдында сөз сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
Прокуратура қызметкері наразылыққа келгендер алдында сөз сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.

Кейін полиция наразылық шарасына келгендердің кейбірін ұстай бастады.

Полиция наразылардың бірін ұстап жатыр. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
Полиция наразылардың бірін ұстап жатыр. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
Полиция қызметкерлері наразылық шарасына қатысқандардың бірін әкетіп барады. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.
Полиция қызметкерлері наразылық шарасына қатысқандардың бірін әкетіп барады. Алматы, 1 мамыр 2019 жыл.

Қазақстан ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, 1 мамырдағы Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы наразылық кезінде шамамен 80 адам ұсталған.

"Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды, Ақтөбеде рұқсат етілмеген митинг өтті. Шараға қатысушыларға әлеуметтік және басқа да мәселелер жайлы ойларын ашық айтуға мүмкіндік берілді. Бірақ Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірнеше адам өздерін дөрекі ұстап, елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының ұрандарын айтты" деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Полиция ұсталған адамдардың бірін шағын автобусқа салып жатыр.
Полиция ұсталған адамдардың бірін шағын автобусқа салып жатыр.

ІІМ мәлімдеуінше, "әкімдік өкілдері мен прокурорлардың ескертуіне құлақ аспаған" азаматтарға полиция шара қолданған.

Министрлік ұсталғандардың іс-әрекетіне "заңға сай құқықтық баға берілетінін" хабарлады.