Қазақстанда Конституцияға түзету енгізу жөнінде республикалық референдум басталды. Азаттық тілшісі Алматыда №529 учаскеде дауыс берушілердің жұмысқа есеп беру үшін суретке түсіп жатқанын байқады. Тілшімізге олардың бірі әлгіндей сурет жіберуді "жұмыстан талап еткенін" айтты.