"Бейбіт жұрт өзіне әскер оқ атпайды деп сенді". 6 қаңтарда Алматыдағы алаңда болған оқиғаның куәгері
Алматы әкімдігі мен президент резиденциясы өртенгеннен кейін, 6 қаңтарда таңертең Республика алаңына қайтадан 300-ге жуық адам жиналған еді. Оларға таңертең Қапшағайдағы әуе десанты күштері сарбаздары келіп, бейбіт жиын екенін көрген соң "атпаймыз" деп қайтып кеткен. Осыдан кейін жұрт алаңда кешке дейін жүрген. Олар бейбіт жиынға келгенін, қаңтардың төрті мен бесі күнгі өртеу, тонауға қатысы жоғын айтқан. Бірақ күн бата алаңның екі жағынан әскер қайта келіп, алаңдағы бейбіт адамдарға оқ атқан. Сол күні жиынға барған Айнұр Серікқызы оқиға қалай болғанын Азаттыққа айтып берді.
ПІКІРЛЕР