Жанболат Мамай босап шықты
«Трибуна. Саяси қалам» газеті бас редакторының міндетін атқарушы журналист Жанболат Мамайдың соты аяқталды. Cудья Дәурен Мәукеев оны «қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастыруға қатысты айыпты» деп таныды. Сот журналистің бас бостандығын 3 жылға шектеп (қамауда отырған кезін есептеп, 2 жыл 5 ай 5 күнге шегерді), үш жыл журналистік қызметпен шұғылдануына тыйым салды және тұрғылықты жері мен газет редакциясынан алынған заттай мүлікті тәркілеу туралы үкім шығарды.