Алаңда ту көтерген жігіт сөйлей алмайды, құлағы естімейді. Анасының әңгімесі
Қаңтар көтерілісінде алаңда ту көтеріп жүрген видеодағы азаматты көпшілік 40 жастағы белсенді Берік Әбішевке ұқсатты. Туыстары да солай дейді. Ол бұрын да билікке қарсы акцияларға шығып жүрген. Берік 6 қаңтарда алаңда бейбіт митингіде тұрған. Басына оқ тиіп, комаға түскен. Қазір оянған, бірақ сөйлей алмайды, құлағы естімейді. Азаттық белсендінің анасымен тілдесті.
ПІКІРЛЕР