Accessibility links

Назарбаев президенттіктен кетті. Неге?


Назарбаев президенттіктен кетті. Неге?
please wait

No media source currently available

0:00 1:12:35 0:00

Солдан оңға қарай: AzattyqLIVE жүргізушісі Қасым Аманжол, Серікболсын Әбділдин және Дос Көшім. Алматы, 19 наурыз 2019 жыл.

19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми БАҚ арқылы мәлімдеме жасап, президенттіктен кететінін жариялады. AzattyqLIVE тікелей эфирінде сарапшылармен Назарбаев мәлімдемесін талқылады.

Қазақстанды 30 жыл басқарған 78 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдемесінде "Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер. Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілетімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­- оңай шешім емес" деді.

Назарбаев "сайлау кезінде сенген, дауыс берген" халыққа алғыс айтты. Ол "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін мәлімдеді.

Назарбаев сайлау өткенге дейін уақытша президент қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты.

Назарбаевтың сөзінше, Тоқаев бірнеше тіл білетін "адал әрі жауапкершілігі жоғары, Қазақстанды басқаруға лайықты азамат".

"Тоқаев Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеп келеді. Мен оны жақсы білемін. Ол - адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінеді. Ол барлық бағдарламаларды әзірлеуге және қабылдауға атсалысты" деді Назарбаев.

Қазақстанда бүкілхалықтық президент сайлауы бес рет – 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары өткізілді. Оның үшеуі (1999, 2011 және 2015 жылдары) белгіленген мерзімінен бұрын өткен. Қазақстанды отыз жылға жуық уақыт басқарған Нұрсұлтан Назарбаев осы сайлаулардың барлығында "басым дауыспен" жеңіске жетіп отырған. Қазақстанда президент сайлауы 2020 жылы өтуі тиіс еді. Қазір Қазақстан президенті бес жылға сайланады.

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG