Accessibility links

Президент сайлауына оппозиция үміткер ұсына ала ма?


Президент сайлауына оппозиция үміткер ұсына ала ма?
please wait

No media source currently available

0:00 0:49:29 0:00

AzattyqLIVE хабарында Қазақстанда биыл 9 маусымда өтетін президент сайлауы, оған оппозициялық күштердің үміткер ұсыну мүмкіндігі талқыланды. Хабарға оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин қатысты.

9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдап, кезектен тыс президент сайлауын жариялауды ұсынды. Тоқаев биыл 9 маусымда президент сайлауын өткізу қажет деп мәлімдеді.

Кезектен тыс президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталып, 28 сәуір Нұр-сұлтан уақыты бойынша 18.00-де аяқталады. Бұл туралы 10 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өткен жиында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

Петровтың сөзінше, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы барлық заңдарға сай жарияланған.

"Кандидаттардың сайлау жарнасы (2 млн 125 мың теңге) сайлауда жеңіске жеткен жағдайда және сайлаушылардың бес пайыз дауысын алған жағдайда қайтарылады" деді Петров.

Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.​

Қазақстанда өткен бес рет президент сайлауы және бір рет президент өкілетін ұзарту жөніндегі референдумда Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетіп отырды. Кейбір көрші мемлекеттер мен ТМД ның сайлауды бақылаушылары бұл сайлауларды «заңды, әділ өтті» деп мәлімдегенімен, халықаралық ұйым өкілдері, мәселен ЕҚЫҰ бақылаушылары Қазақстанда өткен сайлауларға теріс баға беріп келді.

9 маусымдағы алтыншы рет өткелі отырған президент сайлауына Қазақстандағы азаматтық қоғам, оппозиция өкілдері қатыса ала ма? Олардың кандидат ұсынуына қандай кедергілер бар? Қандай мүмкіндіктер бар? Үміткер болуы үшін биліктен және қоғамнан нендей әрекет болуы қажет? Бұған дейінгі сайлауларда оппозиция біріге алды ма? Осы және өзге де сауалдарды оппозициялық саясаткер, 2010 жылы президент сайлауына өзін ұсыну бастамасын көтерген Жасарал Қуанышәлин жауап берді.

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG