Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ташкенттегі құпия метродан Армениядағы революцияға дейін
31 желтоқсан 2018 жыл, 12:00
2018 жылы әлемде болған маңызды оқиғалар. Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшілері түсірген үздік фотолары.
26
Минск қаласындағы үйлену тойында скрипка ойнап тұрған музыкант. 12 тамыз 2018 жыл.
27
Әзербайжан мұсылмандары Құрбан айт мейрамын атап өтіп жатқан сәт. 22 тамыз 2018 жыл.
28
Заславль елді мекенінде мерекелік шара кезінде телефонына қарап тұрған сарбаз. Беларусь, Минск. 26 тамыз 2018 жыл.
29
Ауғанстан орталығындағы Урузган проивинциясындағы көшпенді тайпа мал бағып жүр. 26 тамыз 2018 жыл.
30
Ұзату тойы алдында ұлттық киім киген дүнген қызы. Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылындағы дүнгендер тойынан фоторепортажды
мына жерден
көре аласыздар. 27 тамыз 2018 жыл
31
Қырғызстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойыны. 4 қыркүйек 2018 жыл.
32
Сараеводағы наразылық шарасы кезінде жараланған сарбаз. 1992-1995 жылғы соғыс ардегерлері мемлекеттен көбірек жеңілдік жасауды талап етті. 5 қыркүйек 2018 жыл.
33
"Сталиннің ажал жолы" деп аталатын, совет заманында аяғына дейін салынып бітпеген теміржол желісінің қалдығы. 1947-1953 жылдары ол жерде ГУЛАГ тұтқындары
еңбек еткен
.
34
1992-1993 жылдары Грузия мен өзін-өзі "тәуелсіз ел" деп жариялаған Абхазия арасындағы қақтығыс кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасы. Тбилиси, 27 қыркүйек 2018 жыл.
35
Чернобыль атом электр станциясының қазіргі жағдайы. 1 қараша 2018 жыл.
36
Киевтегі 102 метрлік "Туған жер" атты ескерткіш.
37
Минск қаласындағы Октябрь революциясын тойлау кезінде Владимир Лениннің портретін ұстаған адамдар. 7 қараша 2018 жыл.
38
Украинаның шығысындағы Луганск аймағында күзетіп тұрған украиналық сарбаз. 7 қараша 2018 жыл.
39
Керчь оқиғасынан
кейін Киевтегі Ресей елшілігі алдында наразылық шарасы өтіп, наразы азаматтардың бірі елшіліктің көлігіне от қойған. Қараша айының соңында Ресей Керчь бұғазында 24 украиналық теңізші отырған екі кеме және бір буксирді ұстаған. Ресей теңізшілерді "мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті" деген айыппен екі айға қамаған. Батыс елдері Ресей әрекетін айыптады.
40
Ауғанстанның Герат қаласындағы 800 жылдық мешіт алдында кетіп бара жатқан адамдар. 10 желтоқсан 2018 жыл.
Ташкенттегі құпия метродан Армениядағы революцияға дейін
XS
SM
MD
LG