Қазақстан президенті сайлауына қатысып жатқан алғашқы әйел кандидат, билікшіл "Ақ жол" партиясы ұсынған парламент мәжілісі депутаты Дания Еспаева Нұр-Сұлтандағы №113 сайлау учаскесінде сайлауға дауыс берді.
Қарағанды облысындағы Садовое ауылының тұрғындары жаңадан сайланған Қазақстан президенті жағдайы ауыр елдімекенге назар аударады деп үміттенеді. 300-ге жуық адам өмір сүріп жатқан, бірнеше рет тасқын зардабын шеккен ауылдың тұрғындары бұған дейін биліктен өздерін басқа жаққа көшіруді немесе жағдайларын жақсартуды сұраған.
Алматыда белгісіз біреулер 75 жастағы оппозициялық белсенді Сақып Жаңабаеваны туысының үйінен шыққан сәтте белгісіз біреулер белгісіз жаққа әкеткен. Бұл туралы белсенді Дильнар Инсенва айтты деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.
Инсенованың сөзінше, Жаңабаеваны үйдің алдында екі жеңіл көлік мінген азаматтық киімдегі ер адамдар әкеткен. "Олар өздерін таныстырған жоқ, таңертеңгі сағат 10:00 кезінде себебін түсіндірместен [Сақып Жаңабаеваны] көлікке отырғызып алып кетті" деп хабарлаған Инсенова.
Азаттық маусымның 9-ы күні Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын тікелей эфирден көрсетіп, хабар таратып жатыр. Азаттық тілшілері Орталық сайлау комиссиясынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы сайлау учаскелерінен жеткізген соңғы ақпаратпен сайтымызда және әлеуметтік желідегі парақшаларымызда таныса аласыз.
ПІКІРЛЕР