Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Наразылықтар, қамаулар және Сайрагүл соты
29 желтоқсан 2018 жыл, 14:22
Азаттық радиосы
Қытай қазақтарының жиындары, "зорланған бала" шуы, Денис Теннің қазасы. Алматы мен Астанадағы наразылық шаралары. "ҚДТ қозғалысын қолдағандардың" соты. 2018 жылы Қазақстанда болған оқиғалардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттерді ұсынамыз.
1
Қазақстан Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаев сот шешімімен
он жылға сотталды
. Ол "мемлекет қаржысын жымқырды, пара алды" деп айыпталды. 14 наурыз 2018 жыл. Азаттық тілшісі Тимур Айтмұханбетовтің суреті.
2
Биыл ақпанның соңын ала Қазақстанның бірнеше аймағында
тасқын болды.
Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы тасқыннан зардап шеккен үйлер. 28 ақпан 2018 жыл. Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлының суреті.
3
Биыл 13 наурызда Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында тұратын Шарипа Батырбекова Азаттыққа жеті жастағы жиенін 2017 жылдың тамызынан бері жоғарғы сынып оқушылары бірнеше мәрте "ұрып, зорлағанын"
айтқан
. Ол жергілікті полицияға дер кезінде шағымданғанымен, тек үшінші рет барғанда ғана арызын қабылдағанын жеткізген. Бұл іс бойынша сот өтіп жатыр. Сарыағаш. 13 наурыз 2018 жыл. Азаттық тілшісі Дилара Исаның фотосы.
4
22 наурызда Астанада полиция көшеге көк шар ұстаған
адамдарды ұстады
. Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов Наурыз мерекесі қарсаңында халықты көшеге көк шар ұстап шығу туралы үндеу жариялаған.
Полиция қызметкерлері көгілдір түсті шар ұстаған әйелге беттеген сәт. Астана. 22 наурыз 2018 жыл. Азаттық тілшісі Ержан Әмірхановтың фотосы.
5
"Терроризм айыбымен" сотталған Дастанбек Белдімұратовтың анасы сот ғимараты алдында жылап тұр. Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғыны "терроризмді насихаттады" және "діни алауыздықты қоздырды" деген айыппен
бес жылға сотталды
. Биыл Қазақстанда ондаған адам "терроризм айыбымен" істі болды. Шымкент. 27 наурыз 2018 жыл. Азаттық тілшісі Дилара Исаның фотосы.
6
1 мамыр мерекесі.
Еңбек ері медалімен марапатталған Рахматтула Абаханов құрт сатып отыр. Қарт кісі Азаттық тілшісіне “Нұр Отан” партиясына 2015 жылы қабылданғанын растайтын куәлігін көрсетті. Алматы. 1 мамыр 2018 жыл. Азаттық тілшісі Аян Қалмұраттың фотосы.
7
10 мамырда Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция
ұстап әкетті
. Алматы. 10 мамыр 2018 жыл. Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлының фотосы.
8
"Саяси тұтқындарға бостандық" талап еткен
наразылық шарасы
. Алматы. 10 мамыр 2018 жыл. Азаттық тілшісі Аян Қалмұраттың фотосы.
9
23 маусымда Алматыда орталық көшеге шыққан ондаған адамды полиция ұстап, көлікке күштеп салып алып кетті. Бұл күні Астана мен өзге де қалаларда көшедегі азаматтарды
полиция ұстаған.
Алматы. 23 маусым 2018 жыл. Азаттық тілшісі Қуанышбек Қаридің фотосы.
10
Алматыда Абай атындағы опера және балет театры маңында ұсталған адамды полиция
әкетіп барады
. 23 маусым 2018 жыл. Азаттық тілшісі Аян Қалмұраттың фотосы.
11
Көлігінің айнасын ұрламақ болғандардың қолынан мерт болған Сочи олимпиадасының жүлдегері Денис Тенмен
қоштасу рәсімі.
Алматы. 21 шілде 2018 жыл. Азаттық тілшісі Петр Троценконың фотосы.
12
Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасу рәсімі. Алматы. 21 шілде 2018 жыл. Азаттық тілшісі Қуанышбек Қаридің фотосы.
13
Алматы облысының Панфилов аудандық соты Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайды (суретте) Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті деп айыптап, алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру, бірақ оны "жазасын жеңілдететін ерекше жағдайына" байланысты шартты жазаға алмастыруға үкім кесті. Шыңжаңдағы саяси тәрбиелеу орталықтарында жұмыс істеген Сайрагүл Сауытбай Қазақстандағы отбасына қосылу үшін "шекараны заңсыз кесіп өтуге мәжбүр болғанын"
айтқан еді.
Алматы облысы. 1 тамыз 2018 жыл. Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлының фотосы.
14
6 тамызда Алматыдағы Астана алаңына келген бірнеше адамды
полиция ұстады
. 6 тамыз - Астана күні және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов желі арқылы қазақстандықтарды Астана күні кешке көшеге шығуға шақырған. Алматы. 6 шілде 2018 жыл. Азаттық тілшісі Аян Қалмұраттың фотосы.
15
Түркістанда Айт намазынан шығып келе жатқан халық. 21 тамыз 2018 жыл. Азаттық тілшісі Петр Троценконың фотосы.
16
Қазақстанға көшіп келген этникалық қазақтар 2018 жылы Шыңжаңда қалған туыстарына қысым жасалып, лагерьге қамалып жатқанын
ашық айта бастады
. Олар Қазақстан билігінен, халықаралық ұйымдардан көмек сұрады. Алматыдағы Қытай қазақтарының жиынына келгендер Шыңжаңда қысымға ұшыраған туыстарының суретін ұстап отыр. Алматы. 20 қыркүйек 2018 жыл. Азаттық тілшісі Нұртай Лаханның фотосы.
17
Шетелде тұратын қазақстандық олигарх, Қазақстан билігін сынаушы Мұхтар Әблязовтың қозғалысын қолдады деп айыпталған Әсет Нұржаубай 4 жылға шартты түрде сотталды. Ол сотта Әблязовтың алдағанын, ісіне
өкінетінін айтты.
Әсет Нұржаубай жарыссөзде сөйлеп тұр. Алматы. 27 қыркүйек 2018 жыл. Азаттық тілшісі Қазис Тоғызбаевтың фотосы.
18
Өртенген автобус ісі бойынша күдікті деп танылған жүргізушілер (әйнек камера ішінде солдан оңға қарай) - Барат Таңатов, Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков сотта адвокат Хайрулла Әлимағамбетовпен сөйлесіп отыр. Айыпталушылар бес жылға
сотталды
. Ақтөбе. 3 қыркүйек 2018 жыл.
19
Қазақстан комсомолдың 100 жылдығын атап өтті. Түрлі форумдар мен жиындар
ұйымдастырды
.
Бұл халық арасында сынға ұшырады. Алматыдағы комсомолдың 100 жылдығына арналған форум. Алматы. 20 қазан 2018 жыл. Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлының фотосы.
20
Жыл сайын Қазақстанның оңтүстігіне Өзбекстан азаматтары келіп, ақыға
мақта жинайды.
Азаттық тілшісі Дилара Исаның фотосы. Жетісай. 2 қазан 2018 жыл.
21
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбеге сапары алдындағы қарбалас. Жұмысшылар жол жөндеп жатыр. Ақтөбе. 15 қазан 2018 жыл.
22
Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының Тelegram чатындағы пікірлері үшін істі болған ақтаулық Абловас Жұмаев
үш жылға сотталды
. Жұмаев өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Ақтау. 15 қараша 2018 жыл. Азаттық тілшісі Сәния Тойкеннің фотосы.
23
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің інісі Талғат Рысқұлбеков Желтоқсан құрбандарына қойылған "Тәуелсіздік таңы" ескерткіші жанында жиналғандар алдында сөйлеп тұр. Алматы, 16 желтоқсан 2018 жыл. Азаттық тілшісі Қуанышбек Қаридің фотосы.
Наразылықтар, қамаулар және Сайрагүл соты
Пікірлерді көріңіз
ПІКІРЛЕР
Ұқсас
2018 жылы дүниеден озған тұлғалар
Назарбаевтың 2018 жылғы сапарлары мен кездесулері
XS
SM
MD
LG
ПІКІРЛЕР