Мұнай қоймасындағы өрт
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ елдімекенінің маңында Алматы-Ташкент тас жолының бойында орналасқан «ВК Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнай қоймасынан өрт шықты. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Зарипа Тұрысбекова «темір жолдағы вагондардың соғысуынан шыққан өрттің қауіпті деңгейі жоғары» болғанын айтты. «Өрттің салдарынан 12 цистерна мен екі автокөлік жанып кетті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ» дейді ол. Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы. 4 тамыз, 2016 жыл.