3 мамырға қараған түні Түркістан облысы Мақтарал ауданында Фирдоуси ауылы мен Өргебас ауылын су басты. Бұған дейін Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылын толық су алып, үйлер құлаған еді. Жергілікті билік бірнеше елді мекеннен 7 мыңнан астам адамды қауіпсіз жаққа көшіргенін хабарлаған. Бірақ көмек келмеді деп шағымданған адамдар да бар. Ресми органдардың болжамынша, шығын көлемі 404 млн теңгеден асады. Мың гектардан астам - мақта, бірнеше гектар - жүгері, ондаған гектар жоңышқа алқаптары су астында қалған. Жүздеген ірі қара, ұсақ мал өлген. 2-3 мамырда су басқан ауылдарға барған Азаттық тілшісінің түсірген суреттер топтамасын ұсынамыз.
ПІКІРЛЕР