Маңғыстау – климаты құрғақ, жауын-шашын өте аз түсетін, өзен-көлі жоқ Қазақстанның батысындағы облыс. Бірнеше жыл бұрын мұнда қуаңшылық болып, малдар қырылды, жұрт күн көріп отырған малдарынан айырылып қиналды. Облыс әлі күнге дейін жем-шөптің негізгі бөлігін өзге аймақтардан тасиды.
Кей белсенділер Каспийдің ащы суын пайдалану арқылы қуаңшылық және жұтпен күресуге болады деп санайды.