Украина санкция салған қазақстандық екі компанияның артында кім тұр?
Украина билігі 1 шілдеде 192 адам және 291 компанияға санкция салды. Киев санциясына іліккендер арасында екі қазақстандық компания да бар. Олардың бірі – биыл мамырған дейін «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының құрамында болған «Тыныс» кәсіпорыны, ал екіншісі - ресейлік ИТС компаниясының Қазақстандағы филиалы.