"Нұр Отан" партиясы "праймериз" науқанына кірісті. Бұл шара парламенттің төменгі палатасы – мәжіліс пен жергілікті өкілдік орган – мәслихат депутаттығына үміткерлерді іріктеу мақсатын көздейді. Кей мұғалімдер өздерін праймеризде дауыс беруге мәжбүрлемек болғанын айтады.
"Нұр Отан" мұғалімдерді "дауыс беруге мәжбүрлеп" жатыр ма?
Биліктегі "Нұр Отан" партиясы өзі "праймериз" деп атаған науқанға кірісті. Партияның мәлімдеуінше, бұл шара парламенттің төменгі палатасы – мәжіліс пен жергілікті өкілдік орган – мәслихат депутаттығына үміткерлерді іріктеу мақсатын көздейді. Азаттық сөйлескен кей мұғалімдер өздерін праймеризде дауыс беру үшін "тіркелуге мәжбүрлегенін" айтады. "Нұр Отан" өкілі мұны жоққа шығарады.
ПІКІРЛЕР