Accessibility links

Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум. 5 маусым 2022 жыл.
Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум. 5 маусым 2022 жыл.

Назарбаев, Тоқаев, бюллетенді топтап тастау. Референдум қалай өтті?

Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша референдум өтті. Билік бұл шараны қоғамды демократияландыруға қарай қадам деп көрсетуге тырысады. Сын айтушылар бұрынғыдан ештеңе өзгермейді деп санайды.

16:59 5.6.2022

ОРК: Сайлаушылардың 60 пайызы дауыс берді

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, астана уақытымен 16.00-ге дейін елде дауыс беруге құқығы бар 60,80 пайыз сайлаушы референдумда дауыс берген.

Дауыс берушілердің үлесі бойынша Қызылорда облысы (72,26 пайыз) мен Түркістан облысы (72 пайыз) алда тұр. Ең төменгі көрсеткіш – Алматы қаласында (25,95 пайыз).

ОРК астана уақытымен 14.00 шамасында «дауыс беруге құқылы азаматтардың жартысынан көбі дауыс бергенін» айтып, референдум өтті деп саналады деді.

Референдум өтіп жатқан тұста топтап бюллетень салу, тәуелсіз бақылаушыларды жібермеу сынды заң бұзушылықтар да хабарланып жатыр.

16:51 5.6.2022

"Өзгеріспен таныспай дауыс бердім". Референдумда дауыс берген жұрт не дейді?

"Өзгеріспен таныспай дауыс бердім". Референдумда дауыс берген жұрт не дейді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

16:47 5.6.2022

Референдум күні Ақорда Тоқаевтың "елден заңсыз шығарылған қаражатты" қайтару бойынша комиссия құрғанын хабарлады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтару бойынша комиссия құрды. Билік бұл хабарламаны 5 маусымда – елде Тоқаев бастамасы бойынша Конституцияға түзету енгізу бойынша референдум өтіп жатқан кезде таратты.

Көптеген сарапшы референдумды келесі президент сайлауы алдындағы (2024 жыл) дайындық жұмыстары деп бағалайды. Тоқаев ол кезде екінші мерзімге сайлануы мүмкін. Референдумды бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген артықшылықтардан арылу талпынысы деп бағалайтындар да бар.

Бас прокурор жетекшілік ететін ведомствоаралық комиссияның мақсаты Ақорданың түсіндіруінше, шетелге заңсыз шығарылған Қазақстан азаматтарының қаржысын қайтару бойынша "кешенді жұмыс жүргізу".

Тоқаев ақпан айындағы үкімет отырысында шетелге шығарылған заңсыз қаражат туралы айтқан. Алайда ол кімнің қанша ақшаны заңсыз шетелге әкеткенін айтпаған.

Оның алдында бірнеше күн бұрын мәжіліске "Ақ жол" атынан сайланған депутат Мақсат Раманқұлов Tax justice network ұйымының дерегіне сүйене отырып, кейінгі 25 жыл ішінде Қазақстаннан шамамен 140-160 млрд доллар офшорға әкетілген деп мәлімдеген. Кей сарапшылар елден заңсыз шығарылған ақша көлемі одан да көп болуы мүмкін деп болжаған.

21 қаңтарда ірі бизнес өкілдерімен кездесу кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан байлығының жартысынан астамы 162 адамның қолында, ал Қазақстан халқының жартысының ай сайынғы кірісі 50 мың теңгеден аспайды" деп "жағдайды дереу өзгерту" қажеттігін айтқан.

Мамыр айында Еуропа салық обсерваториясы (салықтан жалтару және ақшаны жымқыру мәселесімен айналысатын ұйым) Дубайда 1150 қазақстандық құны 1,018 млрд болатын 2694 түрлі нысанға ие екенін айтқан.

16:02 5.6.2022

"Еркіндік қанаты" қоғамдық қоры координаторына шабуыл жасалғанын хабарлады

Нұр-Сұлтандағы референдумға бақылау жасап жатқан «Еркіндік қанаты» қоғамдық қоры №155 учаскеде координаторы Ақжол Маликовке шабуыл жасалғанын хабарлады.

«Ақжол учаскеге келіп, заң бұзушылықты, яғни сайлаушыны қосымша тізімге заңсыз қосқан сәтті көрген. Комиссия төрағасы заң бұзушылық актісіне қол қоюдан бас тартқан. Ал учаскеде жүрген ер адам біздің координаторымызбен сөзге келіп қалып, кейін оны күштеп сыртқа шығармаө болған. Бақылау тобының тағы бір координаторы Евгений Соловьев сол жерге полиция шақырған» деп жазды «Еркіндік қанаты» инстаграм парақшасында.



Қоғамдық қор биліктен «Еркіндік қанатының» бақылаушылары мен координаторларына қысым жасамауды, референдумдағы тәуелсіз бақылаушыларға кедергі келтірмеуді талап етебі.

«Еркіндік қанаты» учаскелер ашылғаны мынандай заң бұзушылықтарды тіркегенін хабарлады:

  • Бақылаушылардың бақылау жасауына кедергі келтіру;
  • Фото-видео түсіруге кедергі;
  • Құпия дауыс беру процесін бұзу, яғни дауыс беру кабинкасының маңына камера орнату.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG