Accessibility links

Қазақстанда АЭС салу туралы референдумге дауыс беру. Алматы облысы Үлкен ауылы, 6 қазан 2024 жыл.
Қазақстанда АЭС салу туралы референдумге дауыс беру. Алматы облысы Үлкен ауылы, 6 қазан 2024 жыл.

Қазақстанда АЭС салу туралы референдум қалай өтті?

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумге дауыс беру аяқталды. Таңертеңгі сағат жетіде елде 10 мыңнан астам референдум учаскесі ашылды. Жұртшылық "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұраққа жауап берді. Бюллетеньде "Иә" немесе "жоқ" деген екі жауап көрсетілді.

13:32 6.10.2024

Астана соты белсенді Ермек Нарымбаевты бес күнге қамады

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевты бес күнге әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Белсендіге "сот үкімін орындамаған" (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 669-бабы) деп айып тағылды.

Ермек Нарымбаевтың түрмеден бостандыққа шыққан кездегі суреті. Алматы, 31 шілде, 2023 жыл.
Ермек Нарымбаевтың түрмеден бостандыққа шыққан кездегі суреті. Алматы, 31 шілде, 2023 жыл.

Адвокат Жанар Балғабаеваның хабарлауынша, Сарыарқа соты Нарымбаевқа 2015 жылы шыққан үкімде оған қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынғанын алға тартқан.

"Судья біздің өтініштеріміздің барлығын қабылдамай тастады. Байқаушыларды сотқа қоспай қойды. Бұл мәселе бойынша ақылдасу бөлмесіне кетіп, екі сағат сол жақта болды. Іспен танысуға маған 10 минут қана берді. Ермекке өтінішін айтуға мүмкіндік бермеді. Менің де сөзімді бөліп, сөзімді аяқтатқан жоқ", – деді Жанар Балғабааева.

Биылғы референдум қарсаңында Ермек Нарымбаев тәуелсіз байқаушыларға кеңестер беріп, Астанадағы референдум учаскелерін аралап көрген. Өзі анықтаған заңға қайшы жайттарды Facebook-тегі парағына жазған. Сот белсендінің осы әрекетін "үкімді орындамау" деп таныған.

Адвокат Балғабаева Сарырқа сотының шешіміне келіспейтіні туралы шағым беретінін айтты. Оның сөзінше, полиция қызметкерлері Нарымбаевты жексенбіге қараған түні үйінен күштеп әкеткен. Оны жұлқылап, үстіндегі киімдерін жыртқан, көзілдірігін сындырған деді заңгер.

Ермек Нарымбаев 2015 жылы сот оны әлеуметтік желіде "араздық қоздыратын" пост жазды деп айыптап, бостандығынан айырған. 2016 жылдың басында сот белсендінің "шын өкінетінін" ескеріп, қамауда ұстау жазасын бостандығын шектеу түріне ауыстырған. Көп ұзамай Нарымбаев өзіне салынған шектеуге қарамастан шетелге – Украинаға кетіп қалды (өзі өміріме қауіп төнгендіктен кеттім деген). Ресей Украинаға басқыншылық жасардың алдында Нарымбаев Қазақстанға оралды. Билік өкілдері оны Алматы әуежайынан бірден қамау мекемесіне алып кетті. Бір жарым жыл түрмеде отырғаннан кейін билік оның жазасының қалған бөлігін бостандығын шектеу түріне ауыстырып, белсенді бостандыққа шыққан.

13:08 6.10.2024

Астанадағы жалғыз адам пикеті

Астанада жергілікті белсенді Эльвира Бекзадина АЭС-ке қарсы пикетке шықты. Ол "Солтүстік" сауда орталығы маңындағы көшеде "STOP АЭС" деген жазуы бар плакат ұстап тұрды.

Белсенді Эльвира Бекзадина пикетке шығып тұр. Астана, 6 қазан, 2024 жыл.
Белсенді Эльвира Бекзадина пикетке шығып тұр. Астана, 6 қазан, 2024 жыл.

Белсенді тұрған жерді шетелде тұратын оппозиционер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов (ол жетекшілік ететін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын Қазақстан соты экстремистік деп таныған, Еуроодақ резолюцияларында ол ұйымды бейбіт оппозиция деп атаған) наразылық митингі өтетін орын деп көрсеткен. Қазір ол маңда Бекзадинадан басқа ешкім жоқ.

Алматыда қала орталығында полиция бақылауы күшейтілген.

Азаттықтың Семейдегі тілшісі қаланың орталық алаңында бір полиция көлігі тұрғанын көрген. Ол маңда наразылыққа шыққан ешкім байқалмады.

12:39 6.10.2024

ОРК: сағат 12-ге дейін 4,8 млн адам дауыс берген

Шымкенттегі №267 референдум учаскесінде дауыс беріп тұрған адам. 6 қазан, 2024 жыл.
Шымкенттегі №267 референдум учаскесінде дауыс беріп тұрған адам. 6 қазан, 2024 жыл.

Орталық референдум комиссиясының 6 қазан күні сағат 12-де жариялаған мәліметі бойынша, таңертеңгі сағат жетіден бері елде 4,8 млн адам, яғни тізімдегі сайлаушылардың 39,23 пайызы референдум бюллетенін алып үлгерген.

Ресми дерекке сай, дауыс беруге қатысқандар көрсеткіші бойынша Шымкент алда тұр – 57,03 пайыз, ең азы Алматыда – 11 пайыз. Елдегі аймақтардың жартысының аумақтық комиссиясы сайлаушы тізіміндегі адамдардың 40 пайыздан астамы дауыс беруге қатысты деп есеп берген.

Сағат 12-дегі ресми мәлімет бойынша, референдумге қатысқандар көрсеткіші мынадай:

1. Абай облысы – 42,22 %

2. Ақмола облысы – 45,48 %

3. Ақтөбе облысы – 44,87 %

4. Алматы облысы – 41,76 %

5. Атырау облысы – 43,94 %

6. Батыс Қазақстан облысы – 36,67 %

7. Жамбыл облысы – 36,27 %

8. Жетiсу облысы – 37,35 %

9. Қарағанды облысы – 46,89 %

10. Қостанай облысы – 44,04 %

11. Қызылорда облысы – 37,63 %

12. Маңғыстау облысы – 38,50 %

13. Павлодар облысы – 36,54 %

14. Солтүстік Қазақстан облысы – 39,85 %

15. Түркістан облысы – 44,52 %

16. Ұлытау облысы – 43,31 %

17. Шығыс Қазақсан облысы – 37,63%

18. Астана қаласы – 41,93 %

19. Алматы қаласы – 11,88 %

20. Шымкент қаласы – 57,03 %

12:26 6.10.2024

Алматыда оппозиция митинг орны деп белгілеген жерді полиция бақылап тұр

Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында, бұрын "Саяхат" автовокзалы болған маңда полиция жеңіл көліктері мен бірнеше автозак тұр. Бұған дейін шетелде тұратын қуғындағы оппозиционер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов осы жерді АЭС-ке қарсы митинг өтетін орын деп айтқан.

Азаттық тілшісі сөйлескен полиция қызметкерлері бұл жердегі қоғамдық тәртіпті бақылап тұрғанын, митинг туралы ештеңе естімегенін айтты.

Алматының орталық бөлігінде көше бойында тұрған полиция көліктері. 6 қазан, 2024 жыл.
Алматының орталық бөлігінде көше бойында тұрған полиция көліктері. 6 қазан, 2024 жыл.

Қазақстанда бүгін АЭС құрылысын салу жөнінде республикалық референдум өтіп жатыр. Референдум қарсаңында елде ондаған белсенді ұсталып, жауапқа тартылған. Кейбірі қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG