Accessibility links

Қазақстанда АЭС салу туралы референдумге дауыс беру. Алматы облысы Үлкен ауылы, 6 қазан 2024 жыл.
Қазақстанда АЭС салу туралы референдумге дауыс беру. Алматы облысы Үлкен ауылы, 6 қазан 2024 жыл.

Қазақстанда АЭС салу туралы референдум қалай өтті?

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумге дауыс беру аяқталды. Таңертеңгі сағат жетіде елде 10 мыңнан астам референдум учаскесі ашылды. Жұртшылық "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұраққа жауап берді. Бюллетеньде "Иә" немесе "жоқ" деген екі жауап көрсетілді.

18:57 6.10.2024

Шетелден дауыс беру: Азиядағы учаскелер жабылды, Еуропада әлі жалғасып жатыр

Қазақстанда АЭС салу жөніндегі референдумге дауыс беру үшін Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Вьетнам, Индонезия мен Таиландтағы қазақстандық дипломатиялық өкілдіктері жанынан ашылған референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Постсоветтік мемлекеттер мен Еуропа елдеріндегі осындай учаскелерде дауыс беру жалғасып жатыр.

Қазір Латвия, Литва, Эстония, Болгария, Грекия, Румынии, Австрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Венгрия, Нидерланд, Польша, Словакия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Финляндия, Норвегия, Швеция мен Ұлыбританиядағы учаскелер әлі жұмыс істеп жатыр.

Бұған қоса Т аяу Шығыс пен Африкадағы елдерде, соның ішінде Оңтүстік Африка Республикасы, Эфиопия, Египет, Иордания, Қатар, Сауд Арабиясы мен Кувейттегі учаскелерде дауыс беру аяқталған жоқ.

Ал қарулы жанжал өршіп тұрғандықтан, Ливан, Израиль мен Ирандағы Қазақстан дипломатиялық өкілдіктері жанынан референдум учаскесін ашпау ұйғарылған.

Дауыс беруді өзгелерден кеш бастаған Америка құрлығындағы референдум учаскелері жұмысты да ең соңы болып аяқтайды.

18:40 6.10.2024

Түркістан облысында тәуелсіз бақылаушы бюллетеньді топтап салу фактісін тіркеді

Бұл оқиға Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы №456 учаскеде шамамен сағат 16-да тіркелген.

18:36 6.10.2024

Қарағандыда референдум туралы сауал жүргізген тұрғынға айыппұл салынды

Қарағанды қаласында Қазақстанда атом электр салу тақырыбына сауалнама өткізген жергілікті тұрғын Бақтияр Омархановты билік әкімшілік жауапқа тартып, айыппұл салды.

Омарханов жалпыұлттық референдум қарсаңында Қарағанды тұрғындарының пікірін сұрапа сауалнама өткізген. Оның қорытындысы туралы ақпаратты Facebook-те жариялаған.

Омархановтың сөзінше, жұма күні оны прокуратураға шақыртып, үстінен әкімшілік құқық бұзғаны жөнінде іс қозғалғаны туралы хаттама тапсырған. Ол 15 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде айыппұлды төлегенін хабарлады.

16:36 6.10.2024

"Әйтеуір мектеп атынан келдім". Азаттықтың Атыраудағы тілшісі барған учаске

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG