Accessibility links

Қазақстанда АЭС салу туралы референдумге дауыс беру. Алматы облысы Үлкен ауылы, 6 қазан 2024 жыл.
Қазақстанда АЭС салу туралы референдумге дауыс беру. Алматы облысы Үлкен ауылы, 6 қазан 2024 жыл.

Қазақстанда АЭС салу туралы референдум қалай өтті?

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумге дауыс беру аяқталды. Таңертеңгі сағат жетіде елде 10 мыңнан астам референдум учаскесі ашылды. Жұртшылық "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұраққа жауап берді. Бюллетеньде "Иә" немесе "жоқ" деген екі жауап көрсетілді.

20:41 6.10.2024

Тәуелсіз бақылаушылар байқаған заңсыздықтар мен кедергілер

Жексенбі, 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу туралы референдум барысын бақылаған бірнеше тәуелсіз байқаушы Азаттыққа заңсыздықтар мен кедергілер туралы айтып берді.

20:37 6.10.2024

Референдум учаскелерінде комиссия мүшелері бюллетень санап жатыр

Азаттық тілшісі Атыраудағы №85 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталғаннан кейін бюллетень санау барысын бақылады.

Орталық референдум комиссиясы елде АЭС салу туралы референдумға дауыс беруге қанша адам қатысқаны туралы алдын ала мәліметті сағат 21.00-де жариялайды.

20:32 6.10.2024

Алматыда белсенді Әсет Әбішевті референдумға бара жатқан кезде полиция алып кеткен

Алматылық белсенді Әсет Әбішевті референдумға бара жатқан жерінен полиция әкеткенін "БелсенділерЭкстремистЕмес" тобы хабарлады. Жексенбі кешке белсендінің өзі Азаттыққа видео жіберіп, жағдайдың қалай болғанын баяндады.

20:25 6.10.2024

Қазақстанда референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды

Жексенбі, 6 қазанда сағат 20-да елдегі референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталып, бюллетень санау басталды.

Қазақстанның Еуропа мен Америкадағы дипломатиялық өкілдіктерінде дауыс беру жалғасып жатыр.

Орталық референдум комиссиясы елде АЭС салу туралы референдумға дауыс беруге қанша адам қатысқаны туралы алдын ала мәліметті сағат 21.00-де жарияламақ.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG