Accessibility links

Қазақстанда АЭС салу туралы референдумге дауыс беру. Алматы облысы Үлкен ауылы, 6 қазан 2024 жыл.
Қазақстанда АЭС салу туралы референдумге дауыс беру. Алматы облысы Үлкен ауылы, 6 қазан 2024 жыл.

Қазақстанда АЭС салу туралы референдум қалай өтті?

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумге дауыс беру аяқталды. Таңертеңгі сағат жетіде елде 10 мыңнан астам референдум учаскесі ашылды. Жұртшылық "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұраққа жауап берді. Бюллетеньде "Иә" немесе "жоқ" деген екі жауап көрсетілді.

21:41 6.10.2024

ОРК АЭС салу туралы референдумда дауыс бергендер саны жөнінде алдын ала деректі жариялады

Шымкенттегі №34 рефендум учаскесінде комиссия мүшелері бюллетень санауға кіріскен сәт. 6 қазан, 2024 жыл.
Шымкенттегі №34 рефендум учаскесінде комиссия мүшелері бюллетень санауға кіріскен сәт. 6 қазан, 2024 жыл.

Қазақстанда 6 қазан күні референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталған соң бір сағаттан кейін Орталық референдум комиссиясы дауыс беруге қатысқандар саны туралы алдын ала қорытынды мәліметті жариялады.

Ресми дерекке сай, ел бойынша дауыс беру құқына ие 12 244 683 Қазақстан азаматының 63,87 пайызы, яғни 7 820 918 адам өз таңдауын жасаған.

Дауыс беруге қатысқандар көрсеткіші жөнінен бірінші орында Қызылорда облысы тұр – 82 пайыз. Ең аз көрсеткіш Алматы қаласында тіркелген – сайлаушылар тізіміндегі адамдардың 25 пайызы ғана дауыс берген.

ОРК мәліметі бойынша, жексенбі күні сағат 14-тен кейін, дауыс беруге қатысқандар саны 51 пайыздан асқан соң, Қазақстан заңына сәйкес, референдум өтті деп танылған.

00:13

Exit poll: Дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС салуды қолдады

"Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты" жеке қорының жүргізген exit poll нәтижесі бойынша, дауыс берушілердің 69,8 пайыз АЭС құрылысын қолдаған, ал 30,2 пайызы қарсы шыққан.

13:42

ОРК референдумның алдын ала қорытындысын жариялады

Орталық референдум комиссиясы референдумның алдын ала қорытындысы жөнінде брифинг өткізіп отыр. Астана, 7 қазан, 2024 жыл.
Орталық референдум комиссиясы референдумның алдын ала қорытындысы жөнінде брифинг өткізіп отыр. Астана, 7 қазан, 2024 жыл.

Дүйсенбі, 7 қазан күні сағат 11-де Астанада Орталық референдум комиссиясы жалпыұлттық референдумның алдын ала қорытындысын жариялап, 6 қазанда дауыс берген ел азаматтарының 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады деп хабарлады.

ОРК мәліметінше, дауыс беру құқына ие 12 284 487 Қазақстан азаматының 63,66 пайызы, яғни 7 820 204 адам таңдау жасаған. 5 561 937 адам АЭС құрылысын қолдаған, 2 045 271 адам қарсы шыққан.

Екі нұсқа да таңдалып, жарамды деп танылса да, санау кезінде есепке алынбаған бюллетень саны – 82 729.

130 267 бюллетень жарамсыз деп танылған.

Орталық референдум комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша, АЭС құрылысын ең көп қолдаған аймақ – Қостанай облысы (82, 18 пайыз), ал ең көп қарсы дауыс берген – Алматы қаласы (39, 24 пайыз).

Референдумға халқы ең көп қатысқан өңір – Қызылорда облысы (82, 23 пайыз), бұл көрсеткіш бойынша ең төменгі орында – Алматы қаласы (25, 21 пайыз).

Түркістан облысында дауыс беруге 888 415 адам қатысқан. Бұл өңірде Қазақстанда АЭС салуды 693 766 адам қолдаса, 178 148-і қарсы болған.

6 қазанда Қазақстан азаматтары "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұраққа жауап берді. Бюллетеньде "иә" немесе "жоқ" деген екі жауап болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG