Петропавлды маса буып, тұрғындарға маза бермей тұр. Дезинфекциялаушы мамандар масаны шамаларынша дәрілеп жатқандарын айтады. Масамен күреске 2,2 миллион теңге берген жергілікті билік тағы 2 миллион теңге бөлмек. Солтүстік Қазақстан, 3 маусым 2016 жыл.