Қордайдағы жанжалдан соң жүздеген адам Қырғызстанға қашты
Жамбыл облысы Қордай ауданында этникалық жанжал болып, ер адамдар ауылдардағы ғимараттар мен үйлерді өртеп, көліктерді қиратқан. 7 ақпан кешкісін шыққан жанжалдан жүздеген адам көршілес Қырғызстанға қашты. Бішкек 7-8 ақпанда Қазақстаннан Қырғызстанға 4500 адам өткенін хабарлады. Қазақстан ішкі істер министрлігі Қордайдағы жанжалдан сегіз адам қаза болып, ондаған адамның жараланғанын хабарлады. 8 ақпан кешкісін Жамбыл облысының әкімдігі Қордайда төтенше жағдай жариялады.
ПІКІРЛЕР