Нұр-Сұлтанда полиция Ақордаға бармақ болғандарды ұстады
16 желтоқсан күні елуден астам астаналық белсенді Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш алдына жиналды. Олар 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі мен 2011жылғы Жаңаөзендегі ереуілде полиция қолынан қаза тапқан азаматтарды еске алуға келген. Монумент алдында бір сағаттан астам тұрған наразылар Ақордаға жаяу бармақ болды. Бірақ оларды полиция ұстап алып кетті.
ПІКІРЛЕР