Әскери қоймадағы жарылыстан кейін үй-жайын тастап, Арыстан кетуге мәжбүр болған адамдар Шымкенттегі "Ақмешіт" мешіті қасындағы көшені жапты. Дүйсенбіден бері мешітті уақытша паналап отырған адамдар "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлап, өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
ПІКІРЛЕР