Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіне қарасты Иіркөл ауылындағы мектептің бірінші сыныбына биыл жалғыз бала барды. Қаладан 35 шақырым жердегі 23 үйлі бұл ауылда 150 адам тұрады. Ауылдың бастауыш мектебіндегі 10 оқушыға 3 мұғалім сабақ береді. Қызылорда облысы, 1 қыркүйек, 2015 жыл.