Расул Жұмалы: «Оқулық дауы – Ресей ықпалының көрінісі»
Украина елшілігі «Мектеп» баспасынан шыққан қазақстандық мектеп оқулықтарында Қырым автономиялық республикасын «Ресей федерациясының субъектісі» ретінде жазылғанына байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдады. Азаттық осы мәселе жөнінде бұрынғы дипломат, саясаттанушы Расул Жұмалының пікірін білген еді. Алматы, 25 қыркүйек 2015 жыл.