Президент Назарбаевсыз отыз күн
Қазақстанды 30 жылдай үздіксіз басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кеткеніне 30 күн болды. Сарапшылар Азаттыққа осы уақыт ішінде елдің саяси өмірінде не өзгергенін, ненің сол күйі қалғанын баяндады. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Алғашқы және соңғы демократиялық сайлау
Қазақстан билігі биыл маусымда тағы бір кезектен тыс президент сайлауын өткізгелі жатыр. Постсоветтік елдегі бұған дейінгі сайлаулардың ешбірін халықаралық ұйымдар «еркін» деп таныған емес. Осы тұста Азаттық советтік кезеңге дейінгі Қазақстанда өткен алғашқы және соңғы ашық сайлаудың тарихына үңіліп көрді. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
"Қыбыр еткеннің бәрін табыс санайды". Көп балалы аналардың зары
Атаулы әлеуметтік көмек сұраған Қарағанды облысының көп балалы аналары отбасының жиынтық табысын есептеу тәсілімен келіспейді. Олар тіркелудің қиындығын, қосалқы шаруашылық үшін де мемлекет жәрдемін ала алмай қалатындарын айтады. Билік өкілдері ережеге сәйкес әрекет ететіндерін мәлімдейді. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Үлкен ауылы АЭС-тен неге үміттенеді?
Ресей президентінің Қазақстанда атом электр станциясын салу ұсынысы жоба орналасуы мүмкін Үлкен ауылындағы үмітті қайта қоздатқандай болды. Үлкен ауылынан әзірленген репортажды оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
"Бұл - қылмыс". Сақ қорғандары қоқыс орнына айналған
Сәуірдің 18-і - халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл күн 1984 жылдан бастап атап өтіледі. Алматының солтүстік-батысындағы Алатау ауданы аумағында 12 оба бар. Олардың кейбірін тұрғындар қоқыс төгетін орынға айналдырған. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Оқудан қуылған студент колледжге қайта оралды
Астана атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуге қарсы болғаны үшін колледжден шығарылған 16 жастағы Дамир Молдағұл екі аптадан кейін оқуына қайта оралды. Колледж басшылығы студентті «ҚДТ митингісіне қатысып, президентке қарсы шыққаны үшін оқудан шығарған». Толығырақ оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.
Назарбаевсыз бір ай. Президент ауысты, билік ше?
AzattyqLIVE тікелей эфирінде Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін тоқтатуы және соңғы бір ай ішінде билік пен қоғамда болған өзгерістер жайы талқыланды. Хабар қонағы «Дат» газеттер жобасының жетекшісі, журналист Ермұрат Бапи болды.
ПІКІРЛЕР