"Полиция белсенділерді ғана емес, құқық қорғаушыларды да себепсіз әкетеді"
Алматы қалалық полиция департаментін сотқа берген құқық қорғаушы Ерлан Қалиев Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы адам құқығының ахуалы, наразылық акцияларына байланысты соңғы кезде қалыптасқан тенденциялар мен оның себептері туралы айтты. "Қазақстандағы жиын бостандығы" жобасы үйлестірушісі Қазақстан азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні мойындағанымен, іс жүзінде азаматтарының құқықтарын жиі бұзады дейді.
Бір елде «оянғандар» екі түрлі Қазақстанды көрді
Мамырдың 27-сі күні әлеуметтік желіде #менояндым хэштегімен «оянған қазақстандықтардың» екі түрлі видео тарады. Бір топ оянғанда «адам құқығы шектелген Қазақстанды көрген». Екінші топ «миллион мүмкіндікті жүзеге асыруға болатын Қазақстанда оянған». Азаттық бұл роликтерге түскен жастармен тілдесті. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Назарбаев, бойкот, билікке талап. "Халық құрылтайында" не айтылды?
Маусымның 1-і күні Нұр-Сұлтанда белсенділер ұйымдастырған "Халық құрылтайында" елді отыз жылға жуық басқарған Назарбаевтың билікті сақтап қалуы, сайлауға бойкот жариялау, жер, Қытайдағы қазақтар мен Қытаймен қарым-қатынас мәселелері айтылды. Қонақ үй әкімшілігі жиынның ғимаратта өтуіне қарсылық білдіріп, залдың жарығы мен интернетін өшірді. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
ЕАЭО-дағы бес жыл нені аңғартты?
Нұр-Сұлтанда Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа қол қойылғанына бес жыл толуына орай ұйымдастырылған жиынға одаққа мүше бес елдің президенттері қатысты. Одаққа енгелі бері бұл елдерде қандай өзгерістер болды? Одақтан кім ұтты? Кім ұтылды? Азаттық осы елдерде тұратын сарапшылардың пікірін білді. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Алғашқы һәм соңғы ауыл әкімін «тікелей» сайлау ұмытыла бастады
20 жыл бұрын, 1999 жылғы мамырдың 27-сінде Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері - Алматы облысының Шамалған ауылында тұрғындар ауыл әкімін тікелей дауыс беру арқылы сайлады. Билік мұны «тәжірибе» деп атап, «егер сәтті болса, республиканың басқа өңірлеріне де енгізетінін» хабарлады. Алайда биліктің көп ұзамай-ақ бұл идеядан бас тартуына байланысты ауыл әкімін тікелей дауыс беру арқылы сайлау Шамалған ауылында да, басқа өңірлерде де жалғаспай қалды.
Репрессия жылдары атылған 168 адамның сүйегі қайта жерленді
Алматы облысы Жаңалық ауылында репрессия жылдары атылған 168 адамның сүйегі қайта жерленді. Сүйектерді өткен жылы ауыл тұрғыны ауласынан тауып алған. Бұл адамдардың репрессия кезінде атылғанын сот сараптамасы анықтаған.
"Қысым азайса" да, "күдік басым"
Қытайда қамалған қазақтардың кейбірі елге оралып, бақылаушылар "тоңның жібігенін" айтады. Бірақ Шыңжаңға жуырда барып келген журналистің "күдігі басым". Қазақстан сыртқы істер министрлігі саяси қамау орындарын "кәсіптік оқыту орталықтары" деп сипаттайды. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
ПІКІРЛЕР