Қазақстан мен Ресейдің Байқоңыр ғарыш кешеніндегі бірлескен жобасы жайлы айтылғанын он бес жыл болса да, әзірге жүзеге асатын түрі көрінбейді. Өткен айда Қазақстанның бұрынғы президентінің құрметіне "Назарбаев старты" деп аталған бұл жобаның болашағына сарапшылар күмәнмен қарайды. Толығырақ оқу үшін >>>
Қазығұртта "ДАИШ-ты қолдады" деп айыпталған әйел сотталды
Түркістан облысы Қазығұрт ауданынан отбасымен Сирияға кеткен Марат Мәуленовтің қызы Аида Амангелдіге қазанның 4-і күні үкім шықты. Прокуратура оны "ДАИШ-ты қолдады" деп айыптады. Мамыр айында Сириядан келген Аиданың әкесі мен ағасы соғыста қаза тапқан, бір інісі - түрмеде, бір інісі тергеліп жатыр. Толығырақ оқу үшін >>>
Норвегиядан қайтарылғандар "жақсы жұмыс іздеп барғандарын" айтады
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Норвегияның көші-қон ережесін бұзған 59 қазақстандықтың бәрі елге депортацияланғанын хабарлады. Қазақстанға оралғандардың кейбірі шетелге "жоғары жалақы іздеп барғанын" айтады. Азаттық тілшісі депортацияланған азаматтардың кейбірімен кездесті. Толығырақ оқу үшін >>>
Тазабековтің "уағызынан" шыққан шу
"Асыл арна" телеарнасының директоры, айтыс ақыны Мұхамеджан Тазабековтің Қазақстандағы наразылық жиындары мен полицияның әрекеті туралы айтқандары топтастырылған видео төңірегінде пікірталас басылмай тұр. Кейбір сарапшылар “елде дін саясатқа араласып отыр” деп қауіптенеді. Ал діни басқарма "желіге тараған видеоны анықтап жатырмыз" дейді.
"Айналайын көке, жай жүр". Шымкенттегі фотокөрме
Шымкент қаласындағы Сity shopping gallery орталығында журналист, фотограф Әйгерім Бегімбет, фотограф Шыңғыс Әбдіразақтың «Тіршілік» атты фотокөрмесі өтіп жатыр. Internews Қазақстан өкілдігінің арнайы грантын жеңіп алған олар Түркістан облысындағы ауыл өмірі жайлы ондаған фотосуретті көрерменге ұсынды.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Орталық Азиядағы кеңсесі мен “Адам құқықтары жөніндегі қоғамдық комитет” ұйымдастырған конференцияда Алматы билігі мен азаматтық қоғам өкілдерінің бейбіт жиын өткізу еркіндігі туралы ойы бір жерден шықпады. Толығырақ оқу үшін >>>
"Атажұрт еріктілері" белсенділері неге бөлінді?
AzattyqLIVE тікелей эфирінде Қытайдағы этникалық қазақтарға қысым мәселесін көтеріп жүрген "Атажұрт еріктілері" ұйымының тіркелуі, оның белсенділерінің бөлінуі мәселесі талқыланды. Хабарға ұйым жетекшісі Ербол Дәулетбекұлы мен белсенді Бекзат Мақсұтханұлы қатысты.
ПІКІРЛЕР