Жастардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға арналған ZhasCamp конференциясын Қазақстан жастары ақпараттық қызметі қоғамдық қоры 2010 жылдан бері өткізіп келеді.
Екі апта бұрын Ирина Медниковаға шабуыл жасалды. Оның ZhasCamp жобасы бойынша ақпараттар және бірнеше жүз мың теңге қаражат сақталған сөмкесін тартып алған. Ирина шабуылды өзінің жұмысымен байланыстырады. Оның ойынша, конференцияны өткізуге біреулер қарсы. Мұнан соң Ирина Атырау қаласында ZhasCamp шарасын өткізуге кедергілер көбейгенін, зал табудың қиындағанын хабарлады. Ондай жағдай кейін Павлодарда қайталанды.
Қазақстанның жастар саясаты қандай? Тәуелсіз ұйымдар жастармен қалай жұмыс істейді? Ол ұйымдар жұмысы кімдерге ұнамайды? Жастардың басында қазір қандай қиыншылықтар бар, оларды қандай мәселелер толғандырады?
Осы және өзге де сауалдарға AzattyqLIVE хабарында Қазақстан жастары ақпараттық қызметі қоғамдық қорының бас директоры Ирина Медникова жауап берді.