Жамбыл облысында әскери қоймада жойқын жарылыс болды
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болды. Қойма әлі өртеніп жатыр. Қазақстанның қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 26 тамыз күні кешкі 19:00 шамасында оқ-дәрі қоймасы маңында алдымен өрт тұтанып, соңынан жарылыс болған. Адам шығыны бар-жоғы анық емес. Министрлік хабарламасында жарылыстың нақты қай әскери бөлімде болғаны айтылмаған. Жарылыс видеосы алдымен әлеуметтік желіге тарады. Куәгерлер түсірген видеода жарылыс толқыны бірнеше шақырым жердегі елдімекендерге де сезілгені айтылады.
ПІКІРЛЕР