Accessibility links

Жоғары сот кеңесі Ағызбек Төлегеновті «судьялыққа лайық емес» деп тапты


Ағызбек Төлегенов журналистерге сұхбат беріп тұр. Ақтөбе, 1 қараша 2011 жыл.
Ағызбек Төлегенов журналистерге сұхбат беріп тұр. Ақтөбе, 1 қараша 2011 жыл.

Бейсенбі күні Қазақстан Республикасының жоғары сот кеңесі экстремизммен байланысы бар деп айыпталған судья Ағызбек Төлегеновтің мәселесін қарап, оны «судьялыққа лайық емес» деп шешті.


Енді Қазақстан президентіне Ағызбек Төлегеновті қызметінен босату туралы ұсыныс берілмек. Өйткені Қазақстанда судьялар президенттің жарлығымен ғана қызметке алынып, жұмыстан босатылады. Президент Назарбаев жарлыққа қол қойса, Ағызбек Төлегенов жұмыстан шығарылады.

«ЭКСТРЕМИСТЕРМЕН БАЙЛАНЫС»

Ақтөбе облыстық сотының судьясы Ағызбек Төлегенов қыркүйектің 27-сінен бері жұмыста жоқ. Дәл сол күннен бастап облыс судьяларының тәртіп-біліктілік алқасы оны қызметінен шеттетті.

Бұл шешімді шығарған сот судьяның «елге жат экстремистік ағымдағы діни ұйымдармен тығыз байланыста» болғаны туралы ұлттық қауіпсіздік департаментінің ақпараты негіз болғанын айтқан. Төлегеновке тағылған айыпта «экстремистік діни ұйым» ретінде «Таблиғ-и-жамағаттың» аты аталған.

Қарашаның 2-сі күні Ақтөбе гарнизонының әскери соты ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ақтөбе облыстық департаментінде Ағызбек Төлегеновтің
Ағызбек Төлегеновке қатысты ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментінен әскери сотқа жолданған құжат. Ақтөбе, 1 қараша 2011 жыл.
Ағызбек Төлегеновке қатысты ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментінен әскери сотқа жолданған құжат. Ақтөбе, 1 қараша 2011 жыл.
экстремистермен байланысы туралы ешқандай мәліметтің жоқтығын анықтаған.

Әскери сотқа келген, ҰҚК Ақтөбе облыстық департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақтыбек Рахымбердиев қол қойған хатта: «Бізде сот қызметіне қатысты құпия мәліметтердің бары рас. Бірақ оның Төлегеновке еш қатысы жоқ» деп жазылған.

Бірақ әскери сот бұрынғы судьяның Ақтөбе облыстық сотын жауапқа тарту туралы қосымша арызын қабылдамай тастаған еді.

ЖОҒАРЫ СОТТЫ АУДАНДЫҚ СОТҚА БЕРУ

Жоғары сот кеңесінен соң сұхбат берген Төлегенов бұрынғы әріптестерінің ешқандай сауал қоймағанын айтты. Оның сөзінше, бүгін өткен жоғары сот кеңесінде Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімі туралы сөз болмаған.

Қазанның 17-сі күні жоғарғы сот Ағызбек Төлегеновті қызметінен шеттету туралы тәртіп-біліктілік алқасының шешімін күшінде қалдырған еді.

Бұрынғы судья бүгін Астана қаласындағы Есіл аудандық сотына «жоғары соттың мәліметтерін анықтауды сұраймын» деп талап-арыз жазды. Өзін «әділетсіздік құрбанымын» деген судья «бұл істі аяқсыз қалдырмаймын, БҰҰ-ға дейін шағымданамын» дейді.
XS
SM
MD
LG