Айтыстың алғашқы күні көрермендер жеребесі бойынша сахнаға қызылордалық ақын Мейірбек Сұлтанхан мен астаналық Айнұр Тұрсынбаева шықты.
Мейірбек Сұлтанхан сөз басында «Нұр Отан» партиясын атап:
- Бұл айтыс саясаттың сайлауы емес,
Нұр Отан жеңе берер ең соңында, - деп сөз бастады.
Ол өткен жылдың желтоқсан айында Астанада өткен айтысты да жырға қосты.
- Өткенде Астанада айтыс өтті,
Саясаттың салқынынан сақтанумен.
Ақындарға бас-көз боп ақыл айтқан,
Айтулы атамыз кеп атқа мінген.
Бізге шындық айтуға мұрсат бермей,
Айтысты бітір дейді мақтауменен, - деді.
Мейірбектің қарсыласы Айнұр Тұрсынбаева Жаңаөзен туралы айтты:
- Жараңды жазып, Жаңаөзен,
Бөрідей енді ұлыма.
Алатау, Алтай, Сарыарқа,
Үн қосады сенің мұңыңа.
...Төлейтін нең бар үкімет,
Төгілген қанның құнына.
Айтысты Азаттық радиосы эфирінен де, әр сейсенбі сайын сағат 19.30-20.00 аралығында тыңдай аласыздар.