Accessibility links

Астанадағы айтыс: Сырымбек пен Салтанат


Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген айтыс өтті.


Бұл айтыста сөз сайыстырған атыраулық Сырымбек Сәрсембаев пен пен қостанайлық Салтанат Өтелбаева қоғамдық мәселерді жалпылама түрде айтты.

Айтысты бастаған Сырымбек Сәрсембаев жер мәселесін былайша сөз етті:

– ...Қазақстан дейтін еліміз
Тоғызыншы орынды құраған.
Алайда қазір байқасам,
Жер іздеп жүрген адам көп,
Билікке қарап жылаған.
Еліміз тоқ болса да,
Жеріміз көп болса да,
Ала алмайсың жеріңді,
Жеті жыл бұрын сұраған.
Әкімдерден пайда жоқ,
Архитекторда айла көп,
Судай таза күнәдан.
Таныстарына жер беріп,
Ақша алғанды жөн көріп,
Шыдамның шегін сынаған.
... Жер сату дейтін – бизнес,
Жүргізе алмайды құр адам.

Ал оның қарсыласы Салтанат Өтелбаева тіл мәселесін айтты:

– Қазақ тілінің тамыры тартылып тұр,
Тырмысып, талпынса да шала күйде.
Полигонның зардабын әбден көрген,
Зарлыдай көрінеді маған кейде.
Жиырмаға келсе де жетілмеген,
Кемтар тілім әлі де бала күйде.

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
please wait

No media source currently available

0:00 0:30:47 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG