Accessibility links

Ақтөбеліктер пима киіп жарысты


Пима кигендердің жарысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00

Пима кигендердің жарысы. Ақтөбе, 10 ақпан 2013 жыл.

Ақтөбе тұрғындары қыс қатты болса да, «пиманың не екенін ұмыта бастағандарын» айтады. Қалада жексенбі күні өткен пима жарысына 40-тан астам адам қатысты.

Ақтөбеліктер пиманы «байпақ» деп атайды. Зейнеткер Төлеу Орымбаев зайыбы екеуі «байпақ жарысына бір жұма бойы әзірленген» екен. Төлеу ағай кір тастарын көтеріп жаттықса, Роза апай жұбайының пимасын түрлі-түсті ленталармен әшекейлеген.

ЖАРЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАСЫ - 3 ПЕН 73-ТІҢ АРАСЫ

Кезінде тың игеріп, трактор жүргізген Төлеу Орымбаев жарыстың хабарын естіген соң қора-қопсысын ақтарып жүріп ескі пимасын әрең тауып алыпты.

- Жасым 73-те. Менің Нұрсұлтан Назарбаевтан 20 күн үлкендігім бар. Құрдаспыз. Қырқыншы жылы туғандардың осалы жоқ, - дейді ол.

Төлеу Орымбаев қарттар арасында пима киіп жарысудан бірінші орын алды.

Пима жарысына ағаларымен бірге бірнеше күн бойы дайындалып, ақырғы сәтте
Пима жарысына қатысушылардың бірі Төлеу Орымбаев пен оның жұбайы Роза. Ақтөбе, 10 ақпан 2013 жыл.
Пима жарысына қатысушылардың бірі Төлеу Орымбаев пен оның жұбайы Роза. Ақтөбе, 10 ақпан 2013 жыл.
жүгіруден бас тартқан Рахым - үш жаста. Анасының айтуынша, Рахым оқыс шыққан гармон дауысынан шошып, жүгірмей қойған. Есесіне жарысқа оның төрт ағасы қатысты.

Рахымның әкесі Рафик Тазтдинов ересек ұлдарына пиманы балықшы достарынан сұрап әперген екен.

- Бүгін - жексенбі. Әдетте бұл кезде достарым қармақтарын асынып, өзен жағалап кететін. Пимасыз қалғандықтан бүгін үйлерінде отыр, - күледі Рафик Тазтдинов .

ПИМА БАСУШЫ

Ақтөбелік Сергей Ботов есімді азамат жарысқа қатысушылардың бірінің аяғына көз қарап тұрып, «мынау менің қолымнан шыққан пима» деді. Пима иесі де оны растады.

Сергей Ботов – Ақтөбе қаласы бойынша пима басатын жалғыз шебер. Атасы да елу жыл бойы пима басуды кәсіп еткен. Одан қалған шағын станок - қазір Сергейдің меншігі.

- Пима басу оңай шаруа емес. Қой жүнінің тығыздығы белгілі бір мөлшерден аспауы керек. Әйтпесе жүннің талшықтары үзіліп, киіз ыдырай бастайды. Қойдың
Пима басушы Сергей Ботов. Ақтөбе, 10 ақпан 2013 жыл.
Пима басушы Сергей Ботов. Ақтөбе, 10 ақпан 2013 жыл.
жүні - ұйысқыш материал. Оны түйдек-түйдек етпей, біркелкі етіп басып шығару үшін мол тәжірибең болуы қажет. Әр пиманы жасауға төрт-бес тәулік кетеді. Онсыз да азғантай сатып алушы риза болсын деген оймен жаныңды салып жұмыс істейсің. Содан да болар, қолымнан шыққан пима көшеде көзіме оттай басылады, - дейді Сергей Ботов.

Сергейдің қолынан шыққан пиманы негізінен жергілікті аңшылар мен балықшылар, жайма базардағы саудагерлер, үлкен кісілер алады екен.

- Мен атамнан қалған қалыппен жұмыс істеймін. Ескі қалыптардың тұмсығы сүйірленіп тұратындықтан, пима да әдемі болып шығады, - дейді ақтөбелік шебер.

Шебердің айтуынша, Ақтөбенің базарлары Қырғызстан мен Ресейден жеткізілген пимаға толы. Ботов қырғызстандық өнім бір жылға жетпей тесіліп қалатынын, ал ресейлік пиманың сапасы жаман емес, тек тұмсығы доғал, ебедейсіздеу екенін айтады.
XS
SM
MD
LG