Ақтөбеде әскери бөлімнің екі майоры сотталды
Ақтөбеде 2016 жылы 5 маусымда болған қарулы шабуылдан кейін айыпталған азаматтар - ұлттық гвардияның 6655-әскери бөлімінің майорлары Қайнарбек Тастамбеков пен Қайырғали Оразжановқа сот үкімі шықты. Судья Бекболат Тәжімұқан "әскери жарғы тәртібін бұзғаны үшін" Тастамбековті - 4 жыл 6 айға, Оразжановты 3 жыл 6 айға соттап, екеуін де майор шенінен айыруға үкім етті. Сотталғандар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтемек. Ақтөбе, 18 қаңтар 2017 жыл.