Accessibility links

"Қоршаудан" кейінгі Алматы

Алматы қаласында көше бойында орналасқан ғимараттардың сыртқы қоршауларын бұзу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ құқық қорғау органдары мен кейбір оқу орындарының қоршауларының сол қалпында қалғанын көруге болады.

Бұл шара "Қоршаусыз қала" жобасы аясында қолға алынған. Жобаны даниялық архитектор Ян Гейл ұсынған. Қалалық әкімдік бұл жоба қаланың келбетін ашады деп есептейді.

Алайда қоршаулардың қалдығы әлі жиналып бітпеген. Шарбақтың орнындағы қазықтар, шашылып жатқан шарбақтар көшеде жүрген адамдарға қауіп, жайсыздық тудырады. Солардың кейбірінің суреттерін назарларыңызға ұсынамыз. Суретттер 2017 жылдың 30 маусымында түсірілген.

XS
SM
MD
LG