Қарашаның 11-і күні Алматыда «Қорғас ісі» деген антикоррупциялық іске ілініп, сотталған төрт кәсіпкердің кассациялық шағымына қатысты шешім шығады. Негізінен былық істі «тергеуге кедергі келтірмек болды» деп айыпталған төртеудің ісі «Мұхтар Зиманов ісі» деген атау алды. Бұл іс бойынша 62 жастағы Мұхтар Зиманов, 47 жастағы Қайрат Құсманов, 44 жастағы Ұлан Әубәкіров, 32 жастағы Руслан Юсупов сотталған. Қорғаушылар кассациялық соттан оларды ақтауды сұрайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы контрабандалық қылмыстар туралы «Қорғас ісі» аясында «алаяқтық жасады» деп айыпталған төрт кәсіпкер 2013 жылдың қаңтарында ұзақ мерзімге сотталды.
«АКАДЕМИК ТЕ, ПРОФЕССОР ДА ЕМЕСПІН»
Алматы қалалық сотының төрағасы әрі қалалық соттың кассациялық алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов негізгі айыпталушы Мұхтар Зимановтың әкесі, академик Салық Зимановтың шәкірті болып шықты. Егер сотталған Зимановтың әйелі Жанат Зиманова «кассациялық шағымды қарау басталатын қарашаның 4-інде құқықтанушы әрі академик Салық Зимановтың қайтыс болғанына екі жыл болады» демегенде, бұл жайт жария болмас па еді. Сотталған Мұхтар Зимановтың әкесі Салық Зиманов – Қазақстандағы көптеген белгілі заңгерлердің ұстазы. Ол баласы «Қорғас ісіне» байланысты тергеліп жатқанда қайтыс болған.
Тағы бір сотталған кәсіпкер Ұлан Әубәкіровтің әкесі Сауытбек Әубәкір шағымын жариялар алдында өзін «профессормын» деп таныстырды. Осы сәтте сот залында отырған ер адамдардың бірі «Енді қайтейін? Мен академик те, профессор да емеспін» деп дауыстады. Бұл – сотталған Руслан Юсуповтың әкесі Ахмет Юсупов екен.
ҰРЫП-СОҒУ ТУРАЛЫ ШАҒЫМ
Алғашқы сотта Ахмет Юсупов «тергеу кезінде ұлымды ұрып-соқты» деп мәлімдегенімен, оның шағымына ешкім назар аудармады.
Ахмет Юсупов кейінірек Азаттық тілшісіне «Бұл іс бойынша басқа айыпталушыларға қарсы түсінік бер деп ұлымды тергеу кезінде ұрып-соғыпты. Балам көпке дейін айыбын мойындамай қойған соң «Айыбыңды мойында!» деп азаптаған. Русланның киімін жуған шешесі қан іздерін тауып алды. Алматыдағы СИЗО-да жүздескенімде балам тергеу кезінде ұрып-соққаны рас деп мойындады» дейді Ахмет Юсупов.
Ахмет Юсупов баласының «Әке, мені басқаларға жала жаппадың деп ұрды. Бірақ мен ештеңе айтқан жоқпын» деген сөздерін келтіреді.
ТҰТҚЫННЫҢ АҚШАСЫНА ТҮРМЕ ЖӨНДЕУ
Қазір Руслан Юсупов осы іс бойынша бірге сотталған Қайрат Құсманов және Ұлан Әубәкіровпен бірге Семей қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатыр. Ахмет Юсуповтың айтуынша, ол әке-шешесіне «Түрмедегі жағдайым жаман емес. Үшеуміз отырған камераны Қайрат Құсмановтың ақшасына «жақсылап» жөндеп берді» деп хат жазған.
Русланның әкесі «Қазір баламның бүйрегі ауырады екен. Семейдің суығына шыдамайды ма деп алаңдаймын. Оның үстіне, дәрігерлер Русланнан В және С гепатитін тауыпты» дейді.
– Ұлым хатында «В, С гепатитін шприц арқылы жұқтырған сияқты. Есімнен танып жатқанда В, С гепатиті вирусы бар укол салып жіберді ме деп күдіктенемін» деп жазды, – дейді Ахмет Юсупов.
Руслан Юсуповтың әкесі «Баламның әр сотынан кейін судьяларды қарғап едім, кейбірі шынымен де құдайдың кәріне ұшырады. Алғашқы сотты жүргізген судья түп-түзу жерде құлап, қолын сындырды. Апелляциялық алқаның судьясы Күлпаш Өтемісова коррупция бабы бойынша айыпталып, қазір Алматы СИЗО-сында отыр» дейді. Ахмет Юсупов кассациялық сотта алқа төрағасын әділ төрелік жасауға шақырды. Ол «Мына судьяны да қарғауға тура келмесе екен» дейді.
НЕМЕРЕЛЕРІНІҢ ҚАМЫ АТАСЫНЫҢ МОЙНЫНДА
Сотталған кәсіпкерлердің туыстарынан түрмеге Ұлан Әубәкіровтің әйелі Жанна ғана барып, күйеуінің жанында үш тәулік болған. Оның айтуынша, Ұлан Әубәкірдің өңі жақсы, ештеңеге шағымданбайды.
44 жастағы Ұлан Әубәкіров – төрт баланың әкесі. Екі баласы мектепте оқиды, төрт жасар баласы бала бақшаға барады, ал ең кішісінің туғанына бір жыл төрт ай болған.
Ұлан Әубәкіровтің әкесі, математика профессоры Сауытбек Әубәкір Азаттық тілшісіне «Ұлым өте қабілетті бала болды, физика-математика мектебін алтын медальмен, Мәскеудегі жоғарғы оқу орнын қызыл дипломмен бітірген. Денесі де шымыр» деп мақтанды. Бірақ Сауытбек Әубәкір ұлының ғылыммен айналыспай, бизнеске кеткеніне өкінетін сияқты. Оның айтуынша, соңғы бес жыл бойы бүкіл отбасын өзі асырап келеді. Қазір кішкентай баласымен үйде отырған келіні жұмыс істемейді. Балаларды оқыту, киім-тамағын тауып беру керек дейді. Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде жоғары математика пәнінен сабақ беретін зейнеткер профессор Сауытбек Әубәкір «қосымша табыс болсын деп жолаушы тасимын» дейді.
Әйелі Жанаттың айтуынша, қазір Астана түрмесінде отырған Мұхтар Зиманов та ештеңеге шағымданбайды.
«Алаяқтық жасады» деп айыпталып, 13 жылға сотталған 62 жастағы кәсіпкер Мұхтар Зимановты сотта екі адвокат қорғайды, ал әйелі Жанат Зиманова – қоғамдық қорғаушысы.