Accessibility links

Оппозициялық газеттен 3 миллион теңге өндіру талап-арызы


«Трибуна – Саясат алаңы» мен «Трибуна – Ашық алаң» оппозициялық басылымдарының меншік иесінің өкілі Инга Иманбай. Алматы, 29 қаңтар 2014 жыл.
«Трибуна – Саясат алаңы» мен «Трибуна – Ашық алаң» оппозициялық басылымдарының меншік иесінің өкілі Инга Иманбай. Алматы, 29 қаңтар 2014 жыл.

Алматыда қазір шықпайтын «Трибуна — Саясат алаңы» оппозициялық газетінен ірі сома өндіру туралы талап-арыз бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Бір сұхбаттың тақырыбындағы сөздерге байланысты дау туды.

Қаңтардың 29-ы күні Алмалы аудандық 2-сотында запастағы полковник Көпесбай Жәмпейісовтің «Трибуна – Саясат алаңы» газетіне қарсы талап-арызы бойынша алдын ала сот отырысы өтті. Ол сұхбатын жариялаған газет редакциясын «Биліктің менталитеті – әміріңді жүргіз, халықты тона, қолайлы сәтті пайдаланып қал» («Менталитет нашей власти — властвуй, грабь народ, пользуйся моментом») деген тақырыпқа бола сотқа берді.

Талапкер мен жауапкердің өкілдерімен жабық сөйлескен Алмалы аудандық сотының судьясы Дәулет Әркінов талап-арыз қаралуы тиіс ашық сот отырысын ақпанның 4-іне белгіледі.

ҮШ «ТРИБУНА» МЕН ТАЛАП-АРЫЗ

Жаңа сот дауы алдында оппозициялық газетті қиындыққа душар еткен бірнеше оқиға болды. «Трибуна – Саясат алаңы» мен «Трибуна – Ашық алаң» оппозициялық басылымдарының меншік иесі «Алаң жұрт» жеке кәсіпкерінің өкілі
"Трибуна - Саясат алаңы" газеті.
"Трибуна - Саясат алаңы" газеті.
Инга Иманбай журналистерге мәлімдеуінше, Алматы қаласының билігі түрлі желеу-сылтаумен былтыр күзде «Трибуна — Ашық алаң» газеті қызметін үш ай мерзімге тоқтатып тастаған.

Оппозициялық журналистер мұндай жағдайда қолданатын ескі тәсілге жүгініп, газетті бұрынғы газеттің атауына ұқсас «Трибуна – Саясат алаңы» деген атпен шығара бастады. Бірақ оппозиционерлердің тактикасын бұзған біреулер атауында «трибуна» деген сөзі бар үшінші газетті нарыққа шығарып жіберген.

– «Трибуна – Ашық алаң» газетін тоқтатып тастағаннан кейін біз «Трибуна – Саясат алаңы» газетін шығардық. Үш ай өткен соң, биылғы жылдың қаңтарынан бастап үйреншікті «Трибуна – Ашық алаңды» қайта шығара бастадық. Екі бірдей газетті шығаруға күшіміз де, ақшамыз да жоқ. Сондықтан «Трибуна – Саясат алаңы» деген газетті қазір шығармаймыз. Шығу мерзімі туралы заңды бұзды деп газетті жауып тастамас үшін енді тоқсанына бір рет сигналдық санын ғана шығарамыз. Бұл туралы қала билігіне ескерткенбіз, – дейді Инга Иманбай.

Инга Иманбайдың айтуынша, жаңа жыл мерекесінен кейін «Трибуна – Ашық алаң» газеті редакциясына «билік газетке қатысты бірнеше арандату әрекетін әзәрлеп жатыр» деген хат келген.

– Өкінішке қарай, хатта жазылған жайттар қазір орындала бастады. Хат авторы Косаревтің жалған коммунистер партиясы «Трибуна» деген атаумен фейк-газет шығарады деп жазған. Оны шығарды. Бірақ биліктің біздің газетті осындай амалмен құртқысы келген пиғылы іске аспай, бұл жанжалдан кейін «Трибуна – Ашық алаң» газетінің тиражы қатты өсті, – дейді Инга Иманбай.

Ал Қазақстанның халықтық коммунистік партиясына қарасты «Трибуна. Коммунист Казахстана» газетінің бас редакторы Алмат Азади «Трибуна» деген сөз өз газетінің атауында ғана барын айтады. Оның сөзінше, ресми атауы «Трибуна - Саясат алаңы» және «Трибуна - Ашық алаң» деген газеттер жоқ, «Саясат алаңы» және «Ашық алаң» деген атпен тіркелген газеттер ғана бар.

Бірақ Инга Иманбайдың сөзіне қарағанда, «билік мұнымен шектелмей, оппозициялық газеттердің соңғыларының бірін ақшамен тұншықтырып, ақпарат алаңын оппозициялық басылымдардан мүлде тазартпаққа тырысып жатыр».

– Енді билік келесі амалға көшті. Біздің «Трибуна – Саясат алаңы» газетінде қазан айында жарияланған сұхбатының тақырыбына көңілі толмаған Жәмпейісов
Газеттегі дау тудырған тақырып. 29 қаңтар 2014 жыл.
Газеттегі дау тудырған тақырып. 29 қаңтар 2014 жыл.
деген әлдебір азамат біздің газетті сотқа беріп, моральдық зиянның өтемақысына 3 миллион теңге өндіріп беруді сұрайды. Айтпақшы, бұл мәселені оның өзімен сол кезде талқылап, оның талабы бойынша газетке «сұхбаттың тақырыбына түзету енгізілді» деген ақпарат бергенбіз. Ал мұндай соманы тәуелсіз газеттің редакциясы көтере алмайды. Бұл газетті жабумен тең, – дейді Инга Иманбай.

Инга Иманбайдың айтуынша, Көпесбай Жәмпейісовтен сұхбат алған журналист тақырып ретінде сұхбаттағы «Бізде әміріңді жүргіз, халықты тона, қолайлы сәтті пайдаланып қал деген менталитет бар» («Это, что же, менталитет такой у нас – властвуй, грабь народ, пользуйся моментом») деген цитатаны пайдаланған. Инга Иманбайдың айтуынша, қисынды болу үшін редакция тақырыпты сәл өзгертіп, «Биліктің менталитеті – әміріңді жүргіз, халықты тона, қолайлы сәтті пайдаланып қал» («Менталитет нашей власти — властвуй, грабь народ, пользуйся моментом») деп жариялаған.

ЖАУАПКЕР КІМ?

«Трибуна – Саясат алаңы» және «Трибуна – Ашық алаң» оппозициялық газеттері құрылтайшысына сотта өкіл ретінде көмектесіп жүрген заңгер Сергей Уткин бүгінгі алдын ала сот отырысына Инга Иманбаймен бірге қатысты. Сергей Уткин – оппозициялық газеттерді сотта қорғау тәжірибесі мол заңгер. Ол «газет жауапкер
Заңгер Сергей Уткин. Алматы, 29 қаңтар 2014 жыл.
Заңгер Сергей Уткин. Алматы, 29 қаңтар 2014 жыл.
бола алмайды, оның иесі ғана жауапкер болады» деген уәжбен газетке қарсы талап-арыз берушілерді бұрын да талай тұйыққа тіреген болатын.

Сергей Уткин бүгін де кезекті талапкерге «газет жауапкер бола алмайды» деп мәлімдеді.

– Ол ойланып қалды. Енді талап-арыздағы жауапкерді өзгертіп, газеттің орнына иесін көрсететінін оның сөздерінен байқадым. Судья бізбен сөйлескеннен кейін талапкердің өз шағымынан бас тартатын ойы жоғын түсіндім, – дейді Сергей Уткин.

Журналистер бүгін талапкердің өкілімен сөйлесе алмады. Алдын ала сот тыңдауынан шыққан ол өзін күтіп тұрған журналистердің жанынан тез өте шықты.

Сергей Уткиннің айтуынша, газеттегі сұхбаттың тақырыбы талапкерге 3 миллион теңге (20 мың долларға жуық) көлемінде үлкен моральдық зиян келтіруі мүмкін бе, бұл әлі белгісіз.

2012 жылдың аяғы мен 2013 жылдың басында ондаған оппозициялық ақпарат құралы сот шешімімен жабылды. «Трибуна – Саясат алаңы» және «Трибуна – Ашық алаң» газеттері – елдегі қалған соңғы оппозициялық БАҚ-тың бірі.

Өткен аптада Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы жылдық баяндамасында «Трибуна – Ашық алаң» газеті қызметін үш ай мерзімге тоқтатуды сынаған.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG