Accessibility links

«Правдивая газетаны» жабу туралы шешім шықты


"Правдивая газетаның" бірінші саны. 24 сәуір 2013 жыл.
"Правдивая газетаның" бірінші саны. 24 сәуір 2013 жыл.

Оппозициялық «Правдивая газета» басылымы сот шешімімен жабылуы тиіс. Соңғы екі сот отырысына газет өкілдері қатысқан жоқ.

Ақпанның 24-і күні Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Ералы Бекбаев оппозициялық «Правдивая газета» басылымына қатысты іс бойынша шешім шығарды. Судья Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуроры Бауыржан Жұмақановтың былтыр әкімшілік сот салған үш әкімшілік жаза негізінде «Правдивая газета» басылымын жабу туралы талап-арызын қанағаттандырды.

«Правдивая газета» өкілдері сот шешімін жариялау процесіне қатысқан жоқ. Басылымның соттағы өкілдерінің бірі, «Журналисты в беде» баспасөзді қорғау ұйымы басшысы Рамазан Есіркепов Азаттық тілшісіне «газетті жабу туралы шешімге қарсы шағымданамыз» деді.

«Правдивая газета» өкілдері мұның алдында, ақпанның 21-інде өткен сот отырысына да қатыспаған. Шын мәнінде негізгі отырыс сол күні өтті деуге болады. Өйткені судья Ералы Бекбаев отырыстан кейін шешім шығару үшін мәжіліс бөлмесіне кіріп кеткен еді. Заң бойынша, азаматтық істерді екінші тараптың келісімімен бір тараптың қатысуынсыз өткізуге болады. Ал прокурордың өкілі мұндай келісім берген.

«Правдивая газета» өкілдерінің Азаттық тілшісіне хабарлауынша, олар соттың прокуратура пайдасына шешім шығаратынын білгендіктен ақпанның 24-і күні сот шешімін жариялауға әдейі келмеген. Бұдан бұрын судья Ербол Бекбаевтан бас
Розлана Тәукина газетке байланысты сотта тұр. Алматы, 10 ақпан 2014 жыл.
Розлана Тәукина газетке байланысты сотта тұр. Алматы, 10 ақпан 2014 жыл.
тарту туралы арызында Рамазан Есіркепов «судья процесті әділ өткізбей, талапкерді жақтап отыр» деген уәж келтірген. Оның судьядан бас тарту өтініші орындалмады.

Газеттің енді бір өкілі Розлана Таукинаның айтуынша, ол өткен аптаның соңында Бостандық аудандық соты төрағасының атына судья Ербол Бекбаевтан бас тарту туралы тағы бір арыз жазған. Енді ол процессуалдық тұрғыда жоспарлы әрекет ету үшін сот төрағасының жауабын күтіп отыр. Бірақ оппозициялық газет өкілдері «сот төрағасының жауабы қандай мазмұнда болмасын, жоғары деңгейлі соттарға, ал бұл жеткіліксіз болса, БҰҰ-ның адам құқығы комитетіне шағымданамыз» дейді.

«Правдивая газета» – Қазақстанда 2012-2013 жылдары жабылған көптеген оппозициялық басылымдардан қалған соңғы газеттердің бірі. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары тәуелсіз ақпарат құралдарын жабуды «саяси репрессия» деп атап, Қазақстандағы баспасөз еркіндігіне қатысты ахуалды сынайды.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG