Accessibility links

Желтоқсаншы депутаттың уәжі


Нұртай Сабилянов, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты. Астана, 31 наурыз 2010 жыл
Нұртай Сабилянов, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты. Астана, 31 наурыз 2010 жыл

Желтоқсан оқиғасы кезінде мегафон ұстап суретке түскен жалғыз студент кейін мемлекеттік лауазымға қолы жеткен жалғыз желтоқсаншыға айналды. Мәжіліс депутаты Нұртай Сабиляновқа Азаттық радиосы "1986 жылы дауыс зорайтқышты қайдан алдыңыз?" деген сұрақ қойды.




24 жыл бұрын желтоқсанның 17-18-і күндері қазақ жастары Алматыдағы алаңға наразылық танытуға шыққанда олардың арасында сол кездегі Халық шаруашылығы институтының 3-ші курс студенті, бүгінде парламент депутаты Нұртай Сабилянов та болған.

Азаттық радиосына берген сұқбатында Сабилянов алаңға шыққандағы мақсатымыз - ұлттық намысты қорғау болғанын, жастар талап-тілегін айтып, бейбіт шеруге шыққанда күш құрылымдары оларды арандатуға тырысқанын айтады.

Кейіннен Желтоқсан оқиғасына қатысқандар мен оны бастағандар жаппай қудаланғаны белгілі.

Нұртай Сабиляновтың Азаттыққа арнайы берген сұқбатының толық аудиожазбасын тыңдаңыздар.
XS
SM
MD
LG