Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ЖАЛПЫ АРХИВ
Апта бейнелері: 11-17 қараша
17 қараша 2013 жыл, 12:13
Азаттық 11 мен 17 қараша аралығында Қазақстанда және әлем елдерінде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
Алматыда бір топ белсенді Алматыдағы Украина консулдығына бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовты Франциядан Украинаға экстрадицияламау туралы
петиция тапсырды
. Әблязов 2013 жылы 31 шілдеде Францияда Украинаның сұрауы бойынша ұсталған еді. 2005-2009 жылдары БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы болған банкир 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныстанған. Ұлыбритания оған 2011 жылы саяси баспана берген. Қазақстан үкіметі Әблязовты "БТА банкінен" 6 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген. Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің "саяси астары бар" деп санайды. Бұрынғы банкир Әблязов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушылардың бірі ретінде танылған.
2
12 қараша күні Ақтөбедегі түрме жанында бірнеше күн бойы жиналып, наразылық танытқан 26 адамға әкімшілік
шара қолданылды
. Олар «полицияға бағынбады» деп айыпталды. 23-і 15 күнге қамалып, емізулі сәбиі бар үш әйел 50 айлық есептік көрсеткішке тең (86 мың 550 теңге) айыппұл төлеу үкімімен босатылды.
Ақтөбеліктер «алтыншы» деп атайтын, жалпы режимдегі КА-168/2 мекемесінде жазасын өтеушілердің туыстары «абақтыдағыларды сабап жатыр» деген хабар естіп, қарашаның 8-11-і күндері түрме маңына жиналған. Ашулы топ қарашаның 9-ы сенбі күні түске таман полицияның қоршауын бұзып, түрме аумағына өтпек болған еді.
3
13 қараша Қарағанды соты балқаштық адвокат Зинаида Мухортованың апелляциялық шағымын қарады. Сотта Мухортованың психиатриялық сараптамасы нәтижелері
оқылды.
Мухортова «оны естігенде есеңгіреп қалдым» дейді. Балқаш психиатриялық ауруханасы бас дәрігері Рысбек Ысқақов «Мухортова өзіне қол салмақ болды. Еркінен тыс ауруханаға жатқыздық» деген. Мухортова Астанада 30 қыркүйектен бастап «тәуелсіз» психиатриялық сараптамадан өткен еді. Оны клиникадан 1 қараша босатқан. Ол президент Назарбаев пен "Нұр Отан" партиясына депутат Ерлан Нығматулиннің үстінен шағым жазғаннан кейін қудалана бастаған. Халықаралық ұйымдар Мухортова ісін бақылап келеді. Олар Қазақстанды өзгеше ойлайтын жандарды психиатриялық клиникаға жатқызып, еркінен тыс емдейтін советтік практиканы тоқтатуға шақырады.
4
13 қараша Болгар студенттері ел астанасы София көшелеріне шығып, үкіметтің отставкаға кетуін
талап ете бастады
. Софиядағы парламент ғимаратының айналасында бірнеше күн бойы шатыр тігіп жатқан жастар «социалистік партияның басқаруындағы үкімет орнынан кетіп, тез арада мерзімінен бұрын сайлау өтуі керек» дейді. Соңғы үш аптада мыңдаған студенттер елдің түкпір-түкпіріндегі университеттерде күн құрғатпай шеру өткізіп жатыр. Премьер-министр Пламен Орешарскидің жетекшілігімен құрылған жаңа үкімет "жемқорлыққа белшесінен батты" деген айыптардан соң халық қолдауынан айырылды.
5
Астанада кранға шыққан апалы-сіңілілі Сандуғаш Серікбаева мен Ұйым Жолдасбаева 15 қарашада
жерге түсті
. Олар 13 адамды (екі отбасы) үйден шығаруға қарсы болып, кранға 10 қарашада шыққан. Бес күн суықта, ас-сусыз отырғандықтан, денсаулықтары нашарлаған. Серікбаеваның өкілі Ольга Рубахованың айтуынша, екі әйел ауруханаға түскен. Оның сөзінше, бұдан кейін сот орындаушылары екі отбасын үйден күштеп шығарған. Ол үй Серікбаеваға тиесілі. Ол үйді туыстарымен бірігіп салған. Кейін аумақта ғимарат салынатын болып, сот үй иелеріне 4 миллион 988 мың теңге (шамамен 32 мың доллар) төлеуге шешім еткен. Наразылық білдірген әйелдердің туыстары «Өтемақыға Астанадан жатақхананың бір бөлмесі болмаса, жөні түзу баспана алу мүмкін емес» дейді.
Суретте: үйлерінен шығарылған екі отбасы көршілерінің баспанасында отыр. Астана, 16 қараша 2013 жыл.
6
13 қарашада Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара жақын серігі Рустам Мадумаровтың қамалғанын
хабарлады
. Ол twitter-ге "Нирвана" музыка дүкенінің иесі Рустам Мадумаров ұсталды" деп жазды. Жақында Каримов пен үлкен қызы Гүлнараның
араз екені
білінді. 41 жастағы Каримова қазір билікке қарсы шығып жүр. Әкесі оны
қудалай бастаған
деген болжам айтылады. Оның бірнеше телеарнасы мен радио станциясы
жабылып
, серіктері
тұтқындалды
.
7
17 қараша «Қазақстан шілдедегі «Протон-М» апаты зардабы есебін Ресейге ұсынды. Қоғамды дүрліктірмес үшін өтемақы көлемі айтылмады» деген
ақпарат тарады
. Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Бектас Мұхамеджанов Астанада, үкіметтік емес ұйымдар форумында «Апаттың экологиялық залалы есептелгенін, Ресей цифрлармен танысып, оны талқылап жатқанын» айтқан. 2013 жылы 2 шілде күні ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдан
ұша бере жарылды
. Қазақстан мамандары "улы зат концентрациясы 660-тан 330-ге төмендеді" десе, Ресей мамандары "130-дан 10-ға түсті" деп хабарлады. Апаттан кейін қазақстандық белсенділер бірнеше қарсылық акцияларын өткізді.
8
14 қараша Алматы соты терроризм бойынша 11 жылға сотталған Саян Хайыровтың әйелі Шынар Бисенбаеваның шағымын қарады. Ол Алмалы ауданы сотына 10 жасар ұлының өліміне қатысты ҰҚК мен Алматы ішкі істер департаментінен 20 миллион теңге өндіруге шағым берген. Аудандық сот оны қараудан бас тартты. Қалалық сот Бисенбаева шағымын аудандық сот қарауына
қайта жіберді
. Былтырғы Алматы маңындағы Таусамал кентіндегі
жарылысқа
, Іле Алатауы паркіндегі кісі өлімдеріне,
Бағанашыл кентінде
полициямен қақтығысқа
«Хайыров тобының»
қатысы бары» айтылады. Бұл оқиғалардан 33 адам өлген.
9
16 қарашада Ақтау қаласының іргесіндегі Баянды және Маңғыстау кенті арасындағы
теміржол апаты
өртке ұласып, бір адам қаза тапты. Маңғыстаудағы «Емір ойл» ЖШС-інің мұнай тасып бара жатқан жүк көлігі Атырау жақтан мұнай тиелген цистерналармен келе жатқан тепловозбен соқтығысқан. Апаттан тепловоз машинисінің көмекшісі – 23 жастағы жігіт опат болған. Бұл Маңғыстауды Қазақстанның басқа аймағымен байланыстыратын жалғыз жол болғандықтан Ақтөбе пойызы – 4 сағатқа, Атырау пойызы 3 сағатқа кешігіп жүрген. Алматы және Астана қалаларынан келе жатқан бірнеше пойыз өртке дейінгі жерден тоқтатылып кері қайтарылған.
10
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, "Барахолка" аталып кеткен Алматыдағы ірі базардан
өрт
шыққаны туралы хабар 17 қараша күні сағат алтыда түскен. Өртке қарсы департаменттің - 31 техникасы мен 250 қызметкері, Алматы облысының 10 техникасы мен 45 қызмектері, "Қазавиаспастың" 1 тікұшағы жұмылдырылған. Өртенген аумақ - «3 - 3,5 мың шаршы метр». Сағат түскі 11-ден кете «Құлагер» базарындағы өрт өшірілген. Өрт аумағында негізінен саудагерлердің контейнерлері, қоймалары, халық тұтынатын тауарлар өртенген. 1 адам зардап шеккен (аяғын сындырған). 2013 жылы 13 қыркүйек күні де «Барахолкадан» өрт шықты. Ол жолы «Олжа», «Аян», «Керемет», «Алатау» базарлары өртенді. Өрт аумағы 5,4 мың шаршы метр болған.
11
17 қараша Филиппиндегі «Хайян» дауылының кесірінен босқынға айналғандардың саны үш миллион адамға жеткені
хабарланды
. Босқынға айналған азаматтардың көбі - елдің орталық алты провинциясының тұрғындары. Оның ішінде Лейт провинциясында 356 мың адам эвакуация орталықтарында тұрып жатыр. 8 қараша күні соққан дауылдан бұл елде 3 мың 500-дей адам қаза тапты. 1 мың 186 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Апта бейнелері: 11-17 қараша
XS
SM
MD
LG