Наурыздың 18-і күні Алматыда өткізген баспасөз мәслихаты үстінде журналистердің сауалдарына жауап бермес бұрын Мұхтар Тайжан қоғамдық белсенді ретіндегі қызметін неге тоқтатқалы отырғанын хабарлады. Бірақ ақпарат құралдарын негізінен оның мәлімдемесі мен Рахат Әлиевтің оған қатысты болжамының сай келуі көбірек қызықтырды.
«ЖАНАМА ҚЫСЫМ»
Наурыздың 8-і күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы, қылмыстық қудалауға ұшырап шетелге қашқан Рахат Әлиев «Қазақстан президенті Қырымдағы оқиғалардан кейін Ресейден сескеніп, Ақ орданың тапсырымен жұмыс істейтін ұлтшыл-патриоттардың әрекетін тоқтату туралы Кәрім Мәсімовке бұйрық берді» деген пікірін Facebook әлеуметтік желісіне жазған болатын.
Осыған дейін де «ұлтшыл-патриоттар биліктің тапсырмасымен жұмыс істейді» дейтін түрлі пікірлерді теріске шығарып келген Мұхтар Тайжан наурыздың 18-і күні өткізген баспасөз мәслихатында да мұндай сөздерге «күле қарайтынын», белсенді саясаттан кетуіне «биліктің де, оппозицияның да, олигархтың да, қашқын саясаткерлердің де еш қатысы болмағанын» айтты.
«Мұндай жұмыста сөзбен емес, іспен қолдаусыз ұзақ жүру мүмкін емес. Соңғы кезде өзіме және кәсіпорныма қатысты әкімшілік қысым күшейіп кетті. Мемлекеттік машинамен текетіресіп жеңген ешкім жоқ» деген ол билік тарапынан жанама қысымдар жасалып жатқанына меңзеді. Биліктің тапсырмасымен жүрген адамдарға қысым да жасалмайтынын еске салды. Бірақ жеке кәсіпкерлік жобаларына нақты қандай шектеу қойылып, қысым жасалғанын анықтап айтпады. 40 жастағы Мұхтар Тайжан – 2006 жылы дүние салған белгілі дипломат, ұлтшыл-патриоттық бағыттағы саясаткер болған Болатхан Тайжанның ұлы. Ол әкесінің атындағы қоғамдық қор құрған кезінде алғаш рет көпшіліктің назарына ілінген.
«ҚОЛДАУШЫЛАР МЕН ҚАРСЫЛАР»
Мұхтар Тайжан соңғы жылдары Кремльдің Кеден Одағы аумағындағы саяси-экономикалық интеграция саясатына қарсы көзқарастары арқылы танылып, Қазақстандағы ресейлік әскери полигондарын жабуды талап еткен белсенділердің біріне айналған еді. Қазақстанның қазіргі саяси кеңістігінде «ұлтшыл-патриоттық» бағыт болып қалыптасқан бұл топ өкілдері этникалық және лингвистикалық ұлтшылдық идеяларын да насихаттайды.
2010 жылдары Кеден Одағының құрылуына қарсылық білдірген ашық хаттар мен түрлі акцияларды ұйымдастырушы ретінде танылған Мұхтар Тайжан 2011 жылдың күзінде «Руханият» партиясының атынан парламенттік сайлауға қатысатын кандидаттардың бірі ретінде тіркелген болатын. Алайда 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан кейін сайлауға қатысудан бас тартып, партия қатарынан шығып кетті.
Жаңаөзен оқиғасынан кейін ұлттық-патриоттық бағыттағы пікірлерін ашық білдіре бастаған Мұхтар Тайжан «Қазақстандағы қарсылық аудиориясы – қазақ тілді аудитория. Әлеуметтік ахуалы төмен, наразылығы да күшті қоғамның бұл бөлігі тілдік тұрғыдан да алданғандай сезінеді. Халықтың бұл бөлігінің орта жасы – 27 жаста» деп өзінің саяси-қоғамдық бағдарламасын Facebook әлеуметтік желісінде жариялап, қолдаушылар да, қарсыластар да тапқан болатын.
Facebook әлеуметтік желісі арқылы ол орыс тілді оппозиция белсенділерімен тіл саясаты бойынша пікір таластырып, қарама-қайшы реакция тудырған.
«Ұлтшыл-патриоттардың тіл мен ұлт мәселесін бірінші орынға шығаруы билікке наразы аудиторияны әлсіретіп екіге жарады» деген пікір айтушыларға Мұхтар Тайжан: «мемлекеттік тілді алға шығармайынша байырғы ұлт наразылық шараларға қосылмайды, ал экономикалық тұрғыдан бақуатты орыстілді халық режимге ашық қарсы шықпайды, Ресеймен жақындауды қалайды» деген көзқарас ұстанып келді.
1990 жылдардың бас кезінен қалыптасқан, өздерін «ұлтшыл-демократ» санайтын саясаткерлердің кейбірі Мұхтар Тайжан бастаған ұлтшыл-патриоттық ағымның көзқарастарын қолдамай, «әуелі биліктің өзін сынау керек» деген ұстанымда қалды.
Бір айта кетерлігі Мұхтар Тайжанның өзі де орыс тілді. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік желілерде қазақша үйреніп жатқанын көрсету үшін көпшілік постарын тек қазақша жариялап келген.
«ҰЛТШЫЛ-ДЕМОКРАТТАРДЫҢ ЖАҢА БУЫНЫ»
Мұхтар Тайжанның саяси-қоғамдық қызметі туралы Азаттық тілшісіне ойын айтқан саясаттанушы Андрей Чеботарев оны «1990 жылдардың бас кезінен келе жатқан ұлтшыл-демократтардың жаңа буыны» деп санайды.
«Мұхтар Тайжанға кезінде ұлтшыл-патриоттық бағыттағы көзқарас тұрғысынан биліктің оппоненттіне айналған әкесі Болатхан Тайжанның көзқарасы да әсер еткен сияқты. Кәсіпкер Мұхтар Тайжанның саясатқа келуінің өзі күтпеген жағдай еді. Дегенмен 2011 жылы азаматтық ұстанымын мейлінше ашық білдіріп, Жаңаөзен оқиғасына қарсылық ретінде партия қатарынан шығып, сайлаудан бас тартуы оның саяси процестерде өз ұстанымы бар екенін білдірді» дейді Андрей Чеботарев.
Сарапшының сөзінше, Мұхтар Тайжанның тұсында да ұлтшыл-патриоттық қозғалыс өкілдерінің арасында осыған дейін келе жатқан келіспеушіліктер тоқтай қоймаған.
Оппозициялық саясаткер Әміржан Қосановтың пікірінше, саяси белсенділіктен бас тарпағанда Мұхтар Тайжанның жүйелі саяси оппозициялық күшке қосылу мүмкіндігі бар еді.
«Қазіргі билікті, мемлекеттік саясатты кешенді түрде сынға алып, оған балама ұсыныс жасайтын, сайлау сияқты өркениетті саяси күрестің формасын пайдаланып, ашықтан-ашық қарсы шығатын күш саяси оппозицияға айналады. Мұхтар Тайжан мақсатын анық білдірген, оның ішінде Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасына байланысты пікірін ашық айтып, наразылығын ісімен көрсетіп жүрген саясаткер. Көбіне қоғамдық мәселелерді көтерумен шұғылданған оның болашақта жүйелі саяси оппозициялық күштің қатарына қосылуы мүмкін еді» деді Әміржан Қосанов.
«Белсенді саясаттан» не себепті кеткенін анық түсіндірмеген Мұхтар Тайжанның қоғамдық белсенді ретінде қызметінің осымен біржола тоқтаған-тоқтамағаны да белгісіздеу болып қалды. Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Мұхтар Тайжан Кеден Одағы мен Еуразия Одағы сияқты құрылымдарға қарсы екенін, жаңадан құрылатын «антиеуразиялық» және «ұлтшыл-патриоттық» ұйымдарды қолдайтынын білдірді.
«Егер Ресей тарапынан қандай да бір сепаратистік қадамдар байқалып жатса, мен қайта оралуым мүмкін. Тек қана саясаткер емес, азамат ретінде өз үнімді, көзқарасымды білдіруге тура келетін жағдайдар болып отыруы мүмкін» деді ол.