Accessibility links

Ақтау мен қаралау құралы кімнің қолында?


Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлының Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясы ректоры кезіндегі суреті. Алматы, 20 желтоқсан 2013 жыл.
Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлының Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясы ректоры кезіндегі суреті. Алматы, 20 желтоқсан 2013 жыл.

Қандай да бір тұлғаға қарсы немесе жақтау тұрғысындағы ақпараттық кампаниялар қалай жасалады? Олардан қорғанудың жолы қандай? AzattyqLIVE сарапшысы - PR маманы Нұркен Халықберген.

Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының төңірегінде басталған дауға куә болып отыр. Бірнеше әйел оны жыныстық бопсалау бойынша айыптап, мәлімдеме жасады. Министрдің өзі баспасөз қызметі арқылы бұл айыпқа тек заң жүзінде жауап беретінін жеткізді.

Мәдениет және спорт министрі төңірегіндегі даумен қатар, жер реформасына қарсы шеруден кейін "араздық қоздырды" деп айыпталған атыраулық белсенділер – Макс Боқаев пен Талғат Аян төңірегінде де біршама ақпараттық тартыс жүріп жатыр. Белсенділердің істі болып, қамауда отырған шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовпен байланысы туралы айтыла бастады.

Соңғы күндердегі осындай бірнеше оқиғалар маңында анық ақпараттық соғыс нышаны байқалады. Екі тарапқа да тартып, қоғамдық пікір қалыптастыруға күш салған әрекеттер сипаты бар. Тек бұл тартыстарда ақпараттық кампания тараптарының қайсысы жылдам, әсерлі қимылдағаны негізгі маңызға ие болатындай.

AzattyqLIVE Қазақстандағы ақпараттық майдан технологияларын PR маманы Нұркен Халықбергенмен талқылады. Орыс тілінде өтетін хабардың видеосын мына сілтеме бойынша көруге болады.

XS
SM
MD
LG