«СУРЕТ ӨНЕРІ – ӨНЕР АТАУЛЫНЫҢ БАСТАУЫ»
Суретші – Балтас Оспан. Ол 1956 жылы Павлодар облысына қарасты, Қызылтаң ауылында дүниеге келген. 1970-1975 жылдары Алматыдағы Гоголь атындағы арнайы көркемсурет мектебін тәмамдаған.
Суретшінің өз айтуынша, суретшілік оған әкесінің қарындасынан және анасына жұғысты болған. «Анам да, әкемнің қарындасы да қолынан өнер тамған шебер кісілер болған. Сөйтіп, кішкентай кезімнен сурет салуға әуес болдым. Ауылда суретші бала атанып, ақыры сегіз жылдық мектепті бірітген соң, Алматыға келіп оқуға түстім»,-дейді Балтас Оспан.
– Екінші курста оқып жүргенде «менен суретші шықпайды екен» деген ой келіп, өзіме өзім көңілім толмай нілдей бұзылдым. Содан оқуды тастап кетпек болғанымда ұстаздар мұндай жағдай жастық тән дүние деп ақылдарын айтып алып қалды.
Жалпы, көп суретшілердің мінезі менікі сияқты: тез бұзылады, буырқанады. Суретшінің бойында әсіре еркіндік сүйгіштік бар. Керек десеңіз, совет өкіметі кезінде ұлттық ояну ең әуелі суретшілердің арасында болды. Біз студент кезімізде Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармаларын алғашқы жарық көрген кезінен-ақ оқып, суретшілердің арасында ұлттық ояну бастау алды. Сол кезде Дәркембай Шоқпаров ұлттық қолданбалы сәндік өнерді қайта тірілтті. Сол тұста одақтық көрмелерге Салихитдин Айтбаев, Бек Тоғысбаевтар тек қана ұлттық тақырыпта жазылған, ұлттық бояу қанық картиналарымен қатысты. Яғни ұлттық ояну суретшілерден басталды. Қарап отырсаңыз, өнердегі жаңалық атаулының басында суретшілер тұрады. Оған Сальвадор Далиды ғана мысалға келтіруге болады. Содан кейін сурет өнеріндегі жаңашылдық әдебиетте және өнердің басқа салаларында көрініс тауып, дамиды. Суретшілердің жаңалыққа, жаңа дүниеге құмар болуын және оның басында тұруын суретшінің бойында төңкерісшіл қасиеттің болатындығынан деп түсінемін. Мысалы, Гитлер авангардист суретші болған. Атақты «Битлз» тобының мүшесі Джонн Леннон де суретші болған. Шындығында, суретшілер, біздер, өзімізді сурет өнерінен көрсетеміз деп елеусіз қаламыз. Негізінде, суретшінің төңкерістік қасиеті бар екені даусыз. Мен өзім сурет өнерін өнер атаулының бастауы деп білемін. Мұны талай адамдар айтқан. Әлі де айта береді.
Балтас Оспанның айтуынша, әйел – суретшінің музасы. Әйел бейнесі арқылы көптеген ұлы суретшілер көп дүниені бере алған дейді суретші.
– Әйел бейнесінің сурет өнеріндегі орны ерекше. Атақты суретшілердің әйгілі жұмыстарының бәрі әйелмен байланысты болып келеді. Мысалы, Леонардо да Винчидің «Джокондасының» өзі неге тұрады! Ал, бізде Шаймардан Сариев деген суретшінің «Тұрар» деген портреті бар. Егер ол ксінің барлық жұмысын таразының бір басына қойып, «Тұрарды» бір басына қойсаңыз, бұл портрет бәрін басып кетер еді. Міне, сезім дегеніңіз – осы.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАДІРСІЗ ӨНЕР
Балтас Оспан жас кезімде атақты суретші болуға, мәртебелі сыйлықтарды иеленуге қатты құштар болдым дейді. Алайда, суретші қазір ондай ойдан арылғанын айтады. Атақты болуға ұмтылмайтын өнер иесі болмайтынын айтқан суретші атақты суретші болуға деген сезім алдағы уақытта бәлкім қайта түлер деп ойлайды.
– Кез келген суретшіден сұрасаңыз, қазіргі кезде картиналары өтімді, бай суретшілердің мықтылары жоқ екенін айтып береді. Олардың барлығы сұранысты ғана орындайды. Ал, атақты қазақ суретшілерінің осы Алматыда екі бөлмелі үйі, шеберханасы ғана болған шығар. Олар өзін тек қана өнерге арнаған адамдар. Және барлығының тағдыры Қадыр Мырза Әлидің «Иірімінде» жазған ақындардың, Мұқағалидің тағдыры сияқты. Мысалы, Шаймарден Сариев деген атақты суретші кезінде Суретшілер одағынан шығарылып тасталған. Мен дүниеге қызыққан емеспін. Бай емеспін. Бірақ, атақты суретшілердің қатарына жатпаймын. Мен бар болмысыммен суретшімін. Басқа ешнәрсе қолымнан келмейді. Шыным осы.
Бір кезде Алматыдағы суретшілер арасында Назарбаевтың суретін салып ақша табу сән болды. Жақсылық Оспанов деген домбыра жасаудың үлкен шебері, өзі Назарбаевтың портретін жақсы салатын. Сол жолдасым маған айтатын «Бәке, портретін жасап ақша жасаймайсың ба?» дейтін. Соны жасамадым. Одан да баспалардан тапсырыс алып, кітаптарға сурет салып, ақша тапқаным жақсы деп, өзімнің үйреншікті кәсібімнен тиын-тебен табатынмын. Ал, өз шығармашылығымда өз ойларымды жазып жатырмын. Жаза беремін де. Кей кезде не бояуың, не ақшаң болмай қалады. Қазір колледжде сабақ беремін. Содан алатын айлығымды үйге апарамын. Одан бір тиын алмаймын. Шеберханама келемін. Кейде бір тапсырыстар болып қалады. Солай өмір сүріп жатырмыз.
ДЕРБЕС ҰЛТТЫҚ САЯСАТЫ ЖОҚ ЕЛДІҢ ӨНЕРІ ДЕ ЖОҚ
– Қазір қайда барсаң да қазақтар орысша сөйлеседі, бір-бірімен орысша айғайласып жатады. Осындай жағдайды үнемі көремін. Соларға қарап тұрып, осыларға менің өнерім керек пе деген ойға қаламын. Қазір суретші ешкімге керек болмай қалды. Суретті айтасыз, ешкім кітап оқымайды. Тіпті, апталық газеттерді қарамайды ғой. Ал, баяғыда біз Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармаларын, Олжас Сүлейменовтің «АЗ и Я-сын» оқып, ұлттық намысымызды оятып едік. Ол кезде қазақ сурет өнерінде ұлттық тақырыптар жаңғырып, суретшілер сол жұмыстарымен одақты дүрілдетіп тұрған. Қазір соның бірі де қалмады. Бір қырынан қарасаңыз, Тәуелсіз елміз.
Сондықтан да, дәл қазір бұйығы күйде жүрмін. Әйтеуір, колледждегі сабағымды тезірек бітіріп, әйелімді тыныштандырып, шеберхана қарай асығамын. Шеберханам – менің оңаша әлемім.
Суретші Балтас Оспан бір жылдан аса уақыт сурет салмағанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстандағы қазақ ұлтының намыссыздығы, ұлттық оянуға ниетінің жоқтығы және басқа да қоғамдағы ұлттық мәселелер оның шығармашылығына да әсер етіп отыр.
– Қоғамдағы жағдай және ұлттың оянбауы, құлдық санадан құтылғысы келмейтіндігі және үкіметтің де оған бейілді болуы бәрі шығармашылыққа әсер етіп отыр. Негізі, өнер мұндай кезде көшбастаушы рөл атқару керек. Ұлтты алға сүйреуі тисі. Өнер – сонысымен өнер. Алайда, дәл қазір Қазақстанда өнердің ондай күші жоқ. Көрмелерге барсаң, бәрі сол баяғы дүниелер. Қайталау. Жаңашылдық деген нөлге тең. Бәрі өзіне пайда әкелетін тақырыптарды жазады, ата-бабасын салады. Тіпті, картиналарға қарап тұрып, кімнің қай рудан екенін ажыратуға болады.
Өнердің бұл күйінде қалуына бүгінгі қоғамда болып жатқан оқиғалар тікелей әсер етіп жатыр. Соның ішінде ұлтсызданудың етек алуы. Мысалы, қазір қазақ деп шырылдап жүрген жалғыз Мұхтар Шахановты айтуға болады. Ал, әлгі оппозиция, Болат Әбілов, анау-мынау дегендердің барлығының іс-әрекеті өтірік. Маған олардың барлығы алдын-ала дайындалып қойған сценариймен жүретін сияқты көрінеді.
Суретшілер одағындағылар да өз ішінен қырқысып жатыр. Ұлтты алға сүйрейтін сурет өнерін ойлап жатқан ешкім жоқ. Бәрінің ойлайтыны – бас пайдасы, тіршілік, баю, атақ алу, даңққа бөлену.
Кешкілік, демалыс күндері үйде отырып, телевизор көрейін десең, көретін дүние жоқ. Жұрттың бәрі деңгейі төмен «Екі жұлдызды» көреді. Кезіндегі ұлттық бағыттағы бағдарламаларды ел қызыға тамашалап, қуана көруші еді, сол бағдарламалар ұлтқа әсер ете бастағанда қырқып тастады ғой. Дариғасы ма, Рерихы ма – сондай біреуі әйтеуір. Мұны неге істеп отыр дейсіз? Демек, жоғарыға біздің ой-санамыздың орташа деңгейде, шу шығармайтын, бұлқынбайтын халде болғаны тиімді.
Мен Алтынбек Сәрсенбаев министр болып тұрған кезде министрлікте бас суретші болып істедім. Алтынбек жаңашыл жігіт еді. Ол өзінің маңына қолынан іс келетін, мемлекет ісіне адал жігіттерді жинады. Оның да көзін құртты.
ЖАҒЫНУ МЕН МАҚТАУДЫҢ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІ
Суретші Балтас Оспан президент Н.Назарбаевты жаппай мақтау қоғамның дамуына және өнердің алға басуының өзіне кедергі келтіріп отыр деп есептейді.
– Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары суретшілер митингілерге жиі баратынбыз. Ол кездегі митингілерде ұлт туралы небір сөздер, жалынды ұрандар, өзекті дүниелер сөз болатын. Кейін Талғат Теменов бастаған жігіттер шығып, митингілерде Назарбаевты мақтай бастады. Сөйтіп, митингілерді ойыншыққа айналдырып жіберді.
Назарбаевты халық баяғыдай қолдамайды. Бәрі шылғи мақтау. Халық бәрінен жалықты. Шаршады. Өйткен, ұлттық саясат жоқ. Ұлт деген адам қалмады.
Кешегі Бішкектегі оқиғаны біздің үкімет өз мүддесі тұрғысынан қырғыздар экономикалық саясат жүргізе алмады, халықтың жағдайын ойламады, өйтті, бүйтті деп айтқызып жатыр ғой. Мысалы, алты ағайындымыз делік. Алтыншы ағамыз бізді басқарып, бүкіл байлықты бір өзі иемденіп жатса, қалай шыдап отырасың! Міне, қырғыздың шыққаны – осы. Бізде де сондай жағдай болуы мүмкін. Бірақ біздің мына далада жатысымыз және ішкі бірлігіміздің осалдығы оған кедергі болуы мүмкін. Ондай жағдайға жібермей тұрған мәңгүрттердің басымдығы және қазақтың әсіре шыдамдылығы. Дегенмен, әр жерде әр кезде қарсылықтар бой көрсетіп жатады. Ал, тұтас көтерілу үшін мәңгүрттер қазақилануы керек. Оған жылдар кетеді. Егер, бар қазақ бір қазақ болып, ұлтым деп тұрса, кез келген билеушіні төңкеріп тастайды.
Менің жасым елу алтыға келді. Мен өзім армандаған Қазақстанды көре алмайтын шығармын. Балаларым көрер. Түптің түбінде Қазақстан ұлттық мемлекетке айналады, қазақ жеңеді.