Accessibility links

Көне мұражайдың соңғы күндері


Қазіргі заман өнері мұражайы экспонаттарын көруге келген адам. Астана, 3 тамыз 2014 жыл.
Қазіргі заман өнері мұражайы экспонаттарын көруге келген адам. Астана, 3 тамыз 2014 жыл.

Астанадағы 35 жыл тарихы бар қазіргі заман өнері мұражайы жабылмақ. Ондағы экспонат-картиналар Назарбаев орталықтың бұрынғы ғимаратында жаңадан ашылатын ұлттық галереяға берілді.

Демалыс күні түстен кейін қазіргі заман мұражайы залдары қаңырап бос тұр. Кіре берісте кассир әйел ксероксте басылған билетті 200 теңгеге сатып, ішке шақырды.

– Бірақ қазір мұражайда картиналар қоры жоқ. Оны жақын маңдағы Назарбаев орталықтың бұрынғы ғимаратына өткізген. Ол жерде жөндеу біткен соң ұлттық картиналар галереясы ашылады, - деді ол.

Биыл жазда Назарбаев орталығы Астананың сол жағалауындағы жаңа ғимаратқа көшкен.

Келушілер болмағанымен, мұражай залдарында картиналар әлі көп екен. Бұрышта жергілікті суретшілердің Астананы бейнелеген картиналары қойылған залға өтуге шақырған баннер тұр. Баннердегі жазуға қарағанда, суретшілердің бұл шығармашылығына Астана әкімдігі қолдау көрсеткен.

Қазіргі заман өнері мұражайы. Астана, 3 тамыз 2014 жыл.
Қазіргі заман өнері мұражайы. Астана, 3 тамыз 2014 жыл.

Бұл картиналарда Қазақстан астанасы түрлі қырынан – классикалық сарында немесе пейзажға ұқсастығы аз абстракт бояулармен бейнеленгенімен, Астана екені білінеді. Кейбір полотнолардың бүйіріне жапсырылған жасыл түсті тілімдей қағазда «Сатылған» деген жазу бар.

– Картиналардың бәрі сатуға қойылған, бұлар мұражай емес, суретшілердің картиналары. Бірақ бағасы көрсетілген прайс-парақ қазір жоқ, - дейді залды бақылаушы әйел.

«Мұражай жабылып қалды ма?» деген сұраққа әлгі әйел «өзім де білмеймін» деп жауап берді.

ТРЕТЬЯКОВ ГАЛЕРЕЯСЫ ТУРАЛЫ АРМАН

Мұражайдың тағы бір қызметкері мұндағы қоймада 35 жыл бойы жиналған үш жарым мың картина болғанын айтты. Ол кезде бұрынғы жиһаз дүкенінің орнына Целиноград қаласы эпопеясы мұражайын ашқан. Мұражайдың ашылу құрметіне бұрынғы совет республикалары картина сыйлаған.

Қазіргі билікті біресе сөгіп, біресе мақтаған қызметкер әйел мұражайдың өткені мен бүгіні туралы шабыттана әңгімелеп берді. Аты-жөнін атаудан бас тартқанымен, ол «жұмысың мен беделіңнен айырылып қалмас үшін көп сұрақ қойма және мұражайдың жабылатыны туралы жазба» деген кеңес берді.

Қазіргі заман өнері мұражайындағы картиналардың бірі. Астана, 3 тамыз 2014 жыл.
Қазіргі заман өнері мұражайындағы картиналардың бірі. Астана, 3 тамыз 2014 жыл.

– Бәрін баяғыда шешіп қойған. Мақала жазсаң да ештеңені өзгерте алмайсың. Жертөлесі бар тұрғын үйде отырмыз. Жаңа ғимаратта Мәскеудегі Третьяковка сияқты картиналар галереясы болады. Біздің картиналарымызды жеке залға қоятын болды. Қазір мұражайдың жұмыс істеп тұрғанын өзіңіз көріп тұрсыз, - деді мұражай қызметкері Азаттық тілшісіне.

Мұражай қыметкері журналистерді жұмыс істеуге үйретіп жатқанда тағы үш адам келді. Келушілердің бірі – бойжеткен әр полотноның жанына барып, мұқият қарап жүр, ал екі ер адам барлық залдарды он минутта аралап шығып, сыртқа беттеді.

Қазіргі заман өнері мұражайына келушілер назарына бірнеше көрме ұсынылған. Олардың екеуіне Астана суретшілер одағының экспозициялары қойылған. Енді бірінен жеке меншік коллекциялардың экспонаттарын көруге болады. Көрме «Қытайдың көркем кәсіпшілігі» деп аталады.

МҰРАЖАЙ ОРНЫН НЕ БАСАДЫ?

Мұражай қызметкерлері жаңадан салынған жеке ғимаратқа көшу туралы құлықсыз әңгімеледі. Кейбірі зейнет демалысында болса да жұмыс істеп жүрген 20-дан аса мұражай қызметкерлерінің тағдыры не болатыны да әлі күнге дейін белгісіз.

Астаналық суретші Ярослав Антонюк ойынша, оларға жаңа галереядан жұмыс табылмайды. Ол Астананың суретшілер одағы қала билігіне қазіргі заман өнері тұрған жерді көрме залы ретінде қалдыруды сұрағанын, бірақ ол өтінішінен ештеңе шықпағанын айтады.

Суретші мұражайды жабуға қатысты пікірін Facebook желісіндегі парақшасында білдірген. «Мұражайды керексіз болып қалған соң жауып жатыр. Астанада онсыз да мәдени орындар көп. Астанада келе жатсаң, әр көшеден «галерея, көрменің ашылуы, мұражай, музыкалық немесе көркем салон» деген жазуды көресің. Тіпті көптігі сонша, көзің жайнап, қай жерді таңдарыңды білмей дал боласың. Шағын мұражай болғанымен, жылдар бойы жайлы орынға айналып әрі бауыр басып кетіп едік. Қаланың ортасы, бизнеске таптырмайтын «алтын орын» болған соң біреудің көзі түскен ғой» деп жазады суретші.

– Жаңа бірдеңе жасау үшін міндетті түрде ескіні қирату керек пе? – дейді Ярослав Антонюк Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, Астанада суретшілердің көрмелері өтетін басқа орындар да бар. Бірақ қала орталығында орналасқан қазіргі заман мұражайындағы атмосфера айрықша әрі ұжымы да бөлек.

Видео: Астанадағы қазіргі заман өнері мұражайының соңғы күндері

Астанадағы қазіргі заман өнері мұражайы
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:38 0:00
Жүктеп алу

Қазіргі заман өнері мұражайының ғылыми-ағарту тобының жетекшісі Дәметкен Бекованың айтуынша, мұражайды жабу туралы қаулы әлі шықпаған, бірақ тамыздың 13-іне қарай шығып қалуы мүмкін.

– Содан кейін біздің ғимаратты сатуға қоятын шығар. Бірақ мұнда не болатынын ешкім білмейді, - дейді Дәметкен Бекова.

Мұражайды жабу туралы сөз наурыз айында шыққан. Ол кезде Қазақстан президенті үкіметке «Астана» ұлттық картина галереясы деген мемлекеттік кәсіпорын құруды тапсырған. Галереяны экспонаттарын Қазақстанның жаңа ұлттық мұражайы үшін алып кеткен Назарбаев орталығы ғимаратында ашу жоспарланған. Оның бос қалған залдарын бүгінде соңғы күндер жұмыс істеп жатқан қазіргі заман мұражайы картиналарымен толтыруды ұйғарған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG