Адвокат Нұрлан Бейсекеевтің сөзінше, «Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы, сотталушы Бақытжан Қашқымбаевтан «экстремизмді насихаттау» және «азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтіретін діни не қоғамдық бірлестік құру немесе қызметі басшылық ету» деген екі бап бойынша тағылған айыптар алынып тасталған. Бірақ бұл айыптауларды шұғыл өткізілген сот отырысында, адвокат жоқ кезде тастаған. Бақылаушылар «сотталушының жағдайы жеңілдеді деуге әлі ерте» дейді.
Қашқымбаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы өткен қаңтардың 22-сінде Астана қаласы Алматы аудандық 2-сотының судьясы Гүлжаһан Ұбашева үзіліс жариялаған. Ол қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін қорғаушы тарапқа қаңтардың 31-іне дейін уақыт берген. Сотталушының адвокаты мұны қаңтардың 31-іне дейін жарияланған үзіліс ретінде қабылдап, басқа істердің шаруасымен кеткен.
Бірақ «Қадір-қасиет» қоғамдық ұйымы бақылаушыларының хабарлауынша, сотталушының адвокаты Нұрлан Бейсекеев пастор Қашқымбаев ісіне қатысты кейбір жайттар қаралуы тиіс басқа процеске кеткен күні сот отырысы қайта басталған.
Адвокаттың айтуынша, судья отырысты заңсыз қайта өткізіп, прокурор Бақытжан Қашқымбаевтың айыптау қорытындысын оқыған. Пастор ісі бойынша 233-1- баптың 2-бөлімі, 337-баптың 1-бөлімі бойынша екі қылмыстық баптан прокуратураның бас тартатыны сол отырыста белгілі болған. «Экстремизмді насихаттау» және «азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтіретін діни не қоғамдық бірлестік құру немесе қызметі басшылық ету» туралы бұл екі бап «саяси айыптауларға» жатады.
Бақылаушылардың пікірінше, прокуратураның екі «саяси айыптаудан» бас тартуы Қашқымбаевтың жағдайын жеңілдету ретінде көрінуі мүмкін. «Тағылған айыптардың саяси астары бар» дейтін халықаралық құқық қорғау ұйымдары былтыр жазда Қазақстан билігін пасторға тағылған барлық айыптарды алып тастауға шақырған. Бірақ пасторға тағылған «шіркеуге келуші әйелдің денсаулығына гипноз арқылы зардап келтірген және құлшылық ету кезінде галлюциногендік сусындар қолданған» деген айыптар күшінде қалды. Ал «жәбірленуші» Ләззат Әлменова бұл айыптауларды теріске шығарып, өзінің ақыл-есі бүтін, дені сау екенін айтады. Бірақ пастор Қашқымбаев сияқты оны да еркінен тыс психиатриялық сараптамадан бірнеше рет өткізген. Бойжеткеннің туыстары Қашқымбаевқа тағылған айыптарды құптап, билікті қолдайды.
Адвокат Бейсекеев өзі күтпеген сот отырысының асығыс өткізілгеніне наразы. Ол аяқ астынан өткізілген тағы бір сот отырысы «пастордың эмоциялық күйіне жайсыз тиді» дейді.
– Бақытжан Кәрімұлы «Залға кіргізген кезде олардың не оймен әкелгенін түсінбедім. Қатысудан бас тартамын дегеніме қарамастан мені сүйреп кіргізді» дейді. Сот ештеңе түсіндірместен отырысты ашып, прокурор айыптау қорытындысын оқи салған. Мұны адвокатсыз істеуге бола ма екен? – дейді Нұрлан Бейсекеев.
Оның айтуынша, қорғаушы тарапқа іс материалдарымен қаңтардың 31-іне дейін танысуға мүмкіндік берген сот қаулысына сәйкес, бұл кезде ешқандай сот отырысы өтпеуі тиіс болған.
– Мына сотта не болып жатқанын түсінбеймін. Конституцияға сәйкес, сот қаулысының заңды күші бар. Қаулыны оны шығарған соттың өзі де орындауға міндетті. Яғни мен қалалық сотқа кеткен кезде ешқандай сот отырысы өтпеуі тиіс болған. Оның үстіне Қашқымбаев сотқа қатысудан бас тартатынын мәлімдеген. Бірақ сот оның мәлімдемесіне де, жанында адвокаты жоқтығына да қарамастан процесті өткізе берген, – дейді Нұрлан Бейсекеев.
Бұған дейін адвокат кәсіби қызметіне кедергі келтіру әрекеттеріне қатысты шағымданып, «қылмыстық іс материалдарымен таныстыру заңсыз өткен» деп мәлімдеген. Сот басталған кезде қорғаушы тарап қылмыстық істің 17 томының тек 11 томымен ғана танысып үлгерген.
Қазақстан билігі құрамына астаналық «Благодать» шіркеуі кіретін «Грейс» миссиясын «алаяқтық әрекеттермен айналысты, экстремистік мәтіндерді таратты, құлшылық ету кезінде галлюциногендік сусындар қолданды» деп айыптайды. Ал шіркеу мен оның басшылары бұл айыптарды мойындамайды.

Мына сотта не болып жатқанын түсінбеймін.Адвокат Нұрлан Бейсекеев.