Астанада саяжайлық жер телімдерінің мемлекетке өткізілуіне қарсы тұрғындар сәуірдің 14-і күні парламент алдында наразылық акциясын өткізді. Әуелде тұрғындар парламентке кіре алмаған соң, төрт әйел парламент үйі алдындағы шарбаққа шынжырмен өздерін таңып тастаған.
Бірер уақыттан соң наразы әйелдермен жолығуға парламент мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова шықты. Депутат наразы әйелдермен сөйлесіп, кездесу ұйымдастыратынын айтып құжаттарының көшірмелерін алған соң әйелдер наразылық акциясын доғарды. Шарбақққа таңылған төрт әйелдің үшеуі шынжырдан өз беттерімен босанды, біреуіне сол маңды қарауылдап жүрген полицейлердің бірі көмектесті. Бұдан соң наразы әйелдер таңертең өздерімен бірге парламент үйіне келген балаларына қосылды.
Өткен аптада саяжайдың наразы тұрғындары бас прокурор Асхат Дауылбаевпен кездестіруді талап етіп, прокуратураға барар жолды жапқан болатын. Наразылық танытқандардың арасында кәмелетке толмаған балалар да болған. Полиция наразыларды ұстап әкетіп, журналистерге ол оқиғаны түсіртпеуге тырысқан еді.
Астанада жер телімдерін «мемлекет қажетіне» деген уәжбен алып жатқан қала билігінің әрекетіне жер телімдерінің өтемақысына көңілі толмайтын наразы тұрғындар көп. Олардың ішінде бұрынғы саяжайлар ғана емес, Астана қаласының ортасындағы бұзылуы тиіс ескі барактардың иелері де бар.
Билік «мемлекет қажетіне» деген уәжбен бұзылатын үйлерге өтемақы мөлшерін белгілеу кезінде әдетте бағалау комиссиясының шешіміне сүйенеді. Ал комиссия мүшелері «бұрын саяжай болған жерде салынған үйлер қымбатқа бағаланбайды» дейді.