Accessibility links

AzattyqLIVE: Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен өлімі


Еуропа сапарынан оралған Заманбек Нұрқаділов Алматы әуежайында журналистерге сұхбат беріп тұр. 3 ақпан 2005 жыл.
Еуропа сапарынан оралған Заманбек Нұрқаділов Алматы әуежайында журналистерге сұхбат беріп тұр. 3 ақпан 2005 жыл.

Билікте көп жыл қызмет етіп, кейін оппозицияға өткен Заманбек Нұрқаділовтің жұмбақ жағдайда қаза тапқанына биыл 12 қарашада 10 жыл толады. AzattyqLIVE хабарында оның саяси мұрасы сөз болды.

Биліктегі мансабы совет кезінде басталған Заманбек Нұрқаділов Қазақстан тәуелсіздік алған соң Алматы қаласы мен облысының әкімі, төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік төрағасы, парламент депутаты болды.

2004 жылы наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын сынап мәлімдеме жасаған соң «қызмет міндетін дұрыс атқармағаны» үшін жұмыстан босатылған Нұрқаділов Қазақстандағы сыбайласқан жемқорлықты әшкерелейтін қоғамдық комитет құратынын мәлімдеген. Кейін ол оппозициялық «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының құрылтай комитетіне мүше болды.

Қазақстанның қазіргі тарихында Заманбек Нұрқаділовтің орны қандай? Оның билікте атқарған еңбегі қалай бағаланады? Саясаткер билікке несімен қауіпті болды? Оның «өзін өзі атып өлтіргені» туралы ресми қорытынды неге күмән туғызады?

AzattyqLIVE хабары осы сауалдарды «Таным» пікірсайыс клубының жетекшісі Жұмаш Кенебайға қойды.

Нұрқаділовтің қазасына 10 жыл толды
please wait

No media source currently available

0:00 0:37:02 0:00

XS
SM
MD
LG